×

Астанада жиналғандар мектепке жаңа директордың тағайындалуына қарсы шықты

Әлеуметтік желіде ұлтараздық фактісі бар видео тарады

Астанада жиналғандар мектепке жаңа директордың тағайындалуына қарсы шықты

Бүгін Астанадағы 32-ші мектеп-гимназиядан шу шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік желіде ұлтараздық фактісі бар видео тарады.

Видеодан мектептің жаңа директорына қарсы шығып жатқан адамдарды байқауға болады. Желі пайдаланушысы мұны директордың ұлты қазақ болғанымен байланыстырған. Өйткені бұл аралас білім-ордасы. Видеоның соңында тек бір қазақ жігіт қазақ тілінде директорды қолдауға шақырған.

Осы мәселе жөнінде Оқу-ағарту министрлігіне хабарласқанбыз. Олар Астана қаласы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жауабын жіберді.

“2023 жылдың 25 сәуірінде біздің басқармаға «project_32school» Instagram парақшасында ұлтаралық өшпенділік белгілері бар жазба жариялағаны туралы хабарлама түсті. Ол парақшаға жазуылшылар мектеп оқушылары мен ұстаздар екені анықталды. Мектепте 4000 оқушы бар. Сосын ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен мектеп әкімшілігімен профилактикалық әңгіме жүргізілді”, - делінген хабарламада.

Полицейлер мұндай жағдайдың арты неге әкеліп соқтыратынын түсіндірген. Яғни 174-бап бойынша («Ұлттық алауыздықты қоздыру» айтқан.

Сондай-ақ мектеп директоры Гүлшат Байтаспен әңгіме жүргізілген. Ол мектеп басшылығына 18 сәуірде келген. Бір апта бұрын тағайындалған директорға қарсы мұғалімдар бар болып шықты.

Әңгіме жүргізіліп, әңгіме барысында №32 мектеп директоры ретінде Байтас Г.Б. 2023 жылдың 18 сәуірінде тағайындалды, мектеп мұғалімдерінің құрамында жаңа директордың тағайындалуымен келіспейтін мұғалімдер де бар екені айтылған.

“Одан бөлек, мектеп мұғалімдері тарапынан бұрынғы директордың заңсыз коммерциялық қызметпен айналысқаны туралы ақпарат түскен. Ол директорға да көңілі толмағандар болды. Сондықтан жоғарыда жарияланған жазбаны бұрынғы директордан келген адамдар жіберген болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта арандатушылық жазбаны жариялаған адамды, сондай-ақ «project_32school» аккаунтының «Instagram» парақшасын пайдаланушыны анықтау жұмыстары жүргізілуде”, - делінген хабарламада.

Аталған мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Кеше, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →