×

ҚазҰУ ғалымдары зерттеу жұмыстарын АҚШ-та жалғастырады

Орталық ғалымдары емдік өсімдіктердің қасиеттерін зерттеу жұмыстарымен 20 жылдан бері айналысып келеді

ҚазҰУ ғалымдары зерттеу жұмыстарын АҚШ-та жалғастырады
dalanews.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығы АҚШ-тағы Миссисипи университеті ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеуге кірісті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлішгінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында зерттеу орталығының базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен өсімдік шикізаты негізінде инновациялық өнім әзірлейтін шағын өндіріс ашылған болатын.

ҚазҰУ-да дәрілік өсімдіктерден биопрепарат дайындайтын өндіріс ашылды |  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Мұнда сұраныстағы өнімдердің бірі – тұмау және COVID-19 ауруларына қарсы биологиялық белсенді қоспа. 2020 жылы дайындалған табиғи тұнбаның құрамына өкпені қуаттайтын, қақырық түсіретін, қанды сұйылтатын, қандағы майларды жоғалтып, қан айналымын жақсартатын, күш-қуат беріп, ұйқыны реттейтін қасиеті бар өсімдіктер қосылған.

Ағзаға пайдалы инновациялық өнім

Орталық директоры Жанар Жеңіс аталған қоспаның ковидке белсенділігін терең зерттеу мақсатында жуырда Миссисипи университетіне арнайы барды. Осы сапар нәтижесінде енді ҚазҰУ базасында дайындалған биологиялық өнім АҚШ университетінің заманауи зертханаларында жан-жақты сараланып, өзге сырқаттарға емдік әсері анықталатын болды.

”Мақсатымыз – дайындалған қоспа құрамындағы негізгі биологиялық белсенді қосылыстарды бөліп алу, құрылымдарын жетілдіру және фармокологиялық белсенділігін зерттеу. Қазіргі таңда тұмау және COVID-19 ауруларына қарсы қоспаның ковидке белсенділігін терең зерттеу жұмыстарын Миссисипи университетінің ғалымдарымен бірге шәкіртім, біздің ғылыми қызметкеріміз Жанна Ақжігітова бірлесіп атқаруда”, – дейді жоба авторы, профессор Жанар Жеңіс.

ҚазҰУ-да дәрілік өсімдіктерден биопрепарат дайындайтын өндіріс ашылды |  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Орталық ғалымдары емдік өсімдіктердің қасиеттерін зерттеу жұмыстарымен 20 жылдан бері айналысып келеді. Бұған дейін тұмау мен бауыр ауруларынан сақтайтын және иммунитетті көтеретін қоспалар және қандағы қант деңгейін төмендететін, қан қысымын реттейтін, асқазан-ішек жүйесінің жұмысын жақсартатын және иммунитетті көтеретін фито-шайлар өндірілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған
Бүгін, 11:04

Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған

686 млн жымқырған Іле аудандық білім бөлімінің басшысы және 7 есепшісінің былығы
Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →