×

Таразда Президент резиденциясының орнына оқу-сауықтыру орталығы ашылады

40 орындық облыстық «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығын ашуға 610,8 миллион теңге қарастырылып отыр

Таразда Президент резиденциясының орнына оқу-сауықтыру орталығы ашылады
фото: ашық дереккөзден

Тараз қаласында орналасқан Президент резиденциясы әкімдік қарамағына беріліп, онда балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы ашылады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

40 орындық облыстық «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығын ашуға 610,8 миллион теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров айтты.

«Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен көп балалы және аз камтылған отбасылардан шыққан 48 671 баланы ыстық тамақпен, киім-кешекпен және жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтамсыз етуге 5,7 миллиард теңге бөлінген.

Аз қамтылған отбасыдан шыққан 1-4 сыныпта оқитын 70 639 баланы және мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін 11 326 баланы ыстық тамақпен қамтуға 3 миллиард теңгеге жуық қаржы қаралды», – деді сондай-ақ, Нұржан Календеров.

Сонымен қатар, ол 2020-2023 жылдары 44 мыңға жуық педагогтің жалақысы 100 пайызға, яғни 2 есеге өскенін де мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған
Бүгін, 11:04

Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған

686 млн жымқырған Іле аудандық білім бөлімінің басшысы және 7 есепшісінің былығы
Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →