×

ҰБТ-2023: Батыс аймаққа арнайы грант бөлінеді

Биыл үкіметтен 88 мың білім беру гранты бөлінді

ҰБТ-2023: Батыс аймаққа арнайы грант бөлінеді
ашық дереккөзден

Орталық коммуникациялық қызметінде Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалеивтің қатысуымен ҰБТ-ға қатысты брифинг өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

18 мамырда еліміздегі маңызды науқандардың бірі, яғни негізгі ҰБТ-2023 басталды. Талапкерлерге грант конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін бұл тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады. Вице-министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін 166 мың талапкер өтініш берген.

“Биыл үкіметтен 88 мың білім беру гранты бөлінді. Оның ішінде бакалавриатқа – 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға 1890 грант бөлініп отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында биылғы гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген. Сондай-ақ тығыз орналасқан, жаңа құрылған және батыс аймақтардағы жастар үшін де арнайы грант бөлінген. 2023 жылы өңірлік ЖОО-ларға бөлінетін педагогикалық квота саны артып, 6280 грант бөлінгенін ерекше атап өтуге болады. Ал Серпін бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді”, – деді вице-министр.

Сонлдай-ақ ол «Серпін» бағдарламасы аясында жұмыс арқылы өтеу мерзімі биыл қысқарғанын айтып өтті. Бұрын 3 жыл болса, қазір 2 жылды құрап отыр. Сондай-ақ, грантты жұмыс арқылы өтеу оқыған аймақта ғана емес, бағдарлама аясында қамтылған басқа аймақтарға да баруға болады.

Биылғы негізгі ҰБТ-ны тапсыруға екі мүмкіндік беретін норма заңнамалық тұрғыда бекітілді. Тестіленуші ең жақсы нәтижені грант конкурсына жолдай алады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің тестілеуді тапсыруына қолайлы жағдай қарастырылған.

“ҰБТ-ның барлық жаңалығын оқу жылының басында жарияладық. Сондықтан тестілеу алдында балалар үшін ешқандай өзгеріс болған жоқ. Бұл талапкерлердің емтиханға алаңсыз дайындалуына өз септігін тигізді деп ойлаймын”, – деді Қуаныш Ерғалиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →