×

Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

Төрт айыпталушыға үкім шықты

Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды
kurieronline.ru

Талдықорған соты пара алды және алаяқтық жасады деп айыпталған Алматы облысы білім басқармасының бір топ қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, төрт айыпталушыға сот үкімі шығарылған, олардың арасында облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова да бар. Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі (Пара алу), 367-бабының 4-бөлігі (Пара беру), 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық), 371-бабының 2-бөлігі (Немқұрайлылық) бойынша айып тағылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында Алматы облысының білім басқармасының басшысы бір топ адаммен мемлекеттік сатып алу саласында қылмыстық әрекетке барған.

"Ол бақылауындағы үлестес фирмалармен оқушыларды қашықтықтан оқытуға арналған ноутбуктерді жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа отырған. Сотталушылар бюджет қаражатын жымқыру мақсатында осы ноутбуктерге контрафактілік үлгідегі заңсыз бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатқан, яғни қаржы жұмсамай, оларды интернет арқылы жүктеп алған. Салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде 122 996 086 теңге көлемінде шығын келтірілген", - делінген сот хабарламасында.

Сотталушылардың екеуі, оның ішінде Омарова да кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы екеуі 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың ақпан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова мен оның сыбайластары – өңірлік ақпараттық технологиялар орталығының директоры Меңлібаев пен оның қарамағындағы Нүкеновті, сондай-ақ облыстық білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы Абдолданованы ұстаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған
Бүгін, 11:04

Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған

686 млн жымқырған Іле аудандық білім бөлімінің басшысы және 7 есепшісінің былығы
Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →