×

Оқушылар оқу жылы аяқталмай, кітаптарын тапсырып жатыр - Аймағамбетов не дейді

Оқу жылы 31 мамырда аяқталады

Оқушылар оқу жылы аяқталмай, кітаптарын тапсырып жатыр - Аймағамбетов не дейді
ЭК

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер депутат Асхат Аймағамбетовтен мектептегі соңғы қоңырауды 25 мамырдан 31 мамырға дейін созу қаншалықты дұрыс болғанын сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл шешім Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі болып тұрғанда қабылданған.Тілшілер оқушылар бәрібір де уақытынан бұрын кітаптарын өткізіп жатқанын айтты. 

«Егер кітаптарын тапсырып жатса, онда сұрақ маған емес. Оқу-ағарту министрлігінен сұраңыздар.  Әріптестерім осы мәселемен айналысатына сенімдімін. Ол жақта білікті кадрлар жеткілікті. Өз жұмыстарын жақсы біледі. Ал мен министр кезімде оқу жылын созу жақсы қабылданбайтынын білдім, бірақ дәл сол уақытта бұл шешім керек деп ойладық»,  - дейді Асхат Аймағамбетов. 

Айта кетейік, оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Ал  «соңғы қоңырау» 1 маусымға белгіленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →