×

Дамыған елдердің балалары бізден төрт апта көп оқиды – Оқу-ағарту министрі

Биылдың жаңалығы елімізде оқу жылы 36 аптаға дейін ұзартылды

Дамыған елдердің балалары бізден төрт апта көп оқиды – Оқу-ағарту министрі
primeminister.kz

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылын қорытындылап есеп берді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Биылдың жаңалығы елімізде оқу жылы 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Егер әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ЕЭЫДҰ (Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдерінде оқу жылы 40 аптаны құрайды.Осыған орай, әлем оқушылары жазғы каникулда 77 күн ғана демалса, еліміздің оқушылары үшін 13 апта немесе 90 күн демалыс белгіленген», - деді министр.

Ол оқу жылы Қазақстан мектептерінің 3,7 миллион астам оқушысы үшін аяқталатынын тілге тиек етті.

«Биыл 11 сыныпты 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлердің саны - 6,8 мың.Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында өткізу жоспарланған.Аттестаттарды салтанатты табыстау 20-22 маусым аралығында өтеді.Қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 4 пәннен 2-13-ші маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен маусымның 5-і мен 19-ы аралығында өтеді», - деді Ғани Бейсембаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →