×

Ақша жинау жайлы 20 мектептен шағым түсті - Ғани Бейсембаев

Министр бұйрыққа бағынбағандарға қандай шара қолданылатынын айтып берді

Ақша жинау жайлы 20 мектептен шағым түсті - Ғани Бейсембаев
liter.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде ақша жинау жайлы 20 шағым келіп түскенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Түрлі комиссияларға директорлар, сондай-ақ ұжым аста-төк дастарқан жайып, сәлем-сауқат салып береді екен. Мысал ретінде Қоянды ауылындағы мектептің бірін айтуға болады. Олар ет асады екен. Сәлем-сауқат ретінде май, қымыз, құрт береді екен. Бұл енді бір ғана жағдай. Мұның алдын алу үшін қандай да бір шаралар қарастырылып отыр ма?” – деп сұрады журналистер министрден.

Ғани Бейсембаев бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің мектептерде қаржы жинауды шектеу жайлы бұйрығы шыққанын айтып өтті.

“Мен де мектеп директоры болып істеген кезімде, осы үрдісті тоқтатқанмын. Шектеу қойғаннан кейін, мектеп ұжымы да, ата-аналар да көндікті. Бұйрыққа бағынбаулар болғанын анықтаған соң, менің өзіме де шағымдар түскен соң, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен осы бағытта жұмыстарды бастап кеттік. Агенттіктің хабарлауынша, Call-центрге 20 шақты шағым түскен. Кез келген ата-ана сол Call-ценртге хабарласса болады. Бұрынғы дәстүрді жалғастырып, ақша жинайтын мектеп басшылығына 10 айлық мөлшерінде айыппұл салу қарастырылып отыр”, – деп жауап берді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
Кеше, 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →