×

Соңғы қоңырау қайтадан 25 мамырда соғыла ма - министр жауап берді

Айтуынша, мұндай шешім басқа да өзгерістерге алып келеді

Соңғы қоңырау қайтадан 25 мамырда соғыла ма - министр жауап берді
turkystan.kz

Бүгін Үкімет отырысынан кейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы қоңырау күнін қайтадан 25 мамырға ауыстыруға қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл мәселеге қатысты бірінші кезекте мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені бұл жай ғана 25 мамырға қайтара салу емес. Бұл нақты мемлекеттік стандарттың, бағдарламаның 36 аптаға созылуына қатысты дүние. Енді оны бірден қалпына келтіру басқа да өзгерістерге алып келеді. Яғни алты күндік оқу жоспарына немесе пәндегі оқу сағаттарының қысқаруына алып келуі мүмкін. Бұл жай ғана қайтара салатын дүние емес»,- дейді Ғани Бейсембаев.

Ол білім саласындағы мұндай шешімді жіті, дұрыс сараптаудан өткізіп барып қана қабылдау керек екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін министр кітапты ерте өткізген мектептерге шара қолданылатынын мәлімедеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →