×

Мемлекеттік балабақшалардың барлығы қазақ тілінде ашылады - Ғани Бейсембаев

Бұдан бөлек министрдің айтуынша, тілі орыс тілінде шыққан балалармен де арнайы жұмыс жасалып жатыр

Мемлекеттік балабақшалардың барлығы қазақ тілінде ашылады - Ғани Бейсембаев
aikyn.kz

Депутат Нартай Аралбайұлымен сұхбаттасқан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мемлекеттік балабақшалардағы оқыту тілі қазақша болатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап..

«Мемлекеттік балабақшалардың  барлығы қазақ тілінде ашылуы туралы шешім бар. Былтырдан бастап мемлекеттік балабақшалардың бәрі қазақ тілінде болуы қадағаланып отыр», – деді министр Бейсембаев.

Бұдан бөлек министрдің айтуынша, тілі орыс тілінде шыққан балалармен де арнайы жұмыс жасалып жатыр.

«Жалпы мына тілі орыс тілінде шығып келген балалар туралы айтып отырсыз ғой, олардың да адаптациядан өтуіне қатысты қазір белгілі мамандар жұмыстар жасап жатыр. Сол әдістемелік дүниелерді енгізу арқылы, біз бұл балаларға да тиісті көмек көрсетуді қолға алып жатырмыз», – деді Ғани Бейсембаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
22.11.2024ж. 15:37

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды

Орталық «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр
ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 
13 қараша күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында облыстық балалар құрылтайы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →