×

Мақсат Толықбай Қарасайдағы мектеп 15 млн емес, 1 теңгеге сатылып кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Оның айтуынша, істі сот қабылдамаған

Мақсат Толықбай Қарасайдағы мектеп 15 млн емес, 1 теңгеге сатылып кетуі мүмкін екенін мәлімдеді
kazbusiness.kz

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Qaz365.kz тілшісіне Алматы облысы Қарасай ауданында 15 млн теңгеге сатылып кеткен мектеп туралы тың мәлімет айтты. Оның айтуынша, антикор мен прокуратура өкілдерінің арызына қарамастан Әмірханова атты судья оларды қарамаған.

«Өткенде мәлімдеме жасағанмын. Ол тіпті 15 млн теңге емес, одан да аз болуы мүмкін екен. Өйткені мәселені қарап, депутаттық сауал жолдадым. Әкімдіктен де хабар келіп жатыр. Бұл тіпті 2018 жылы сатылып кеткен. Өзім басында сенген жоқпын», –  дейді ол.

Депутаттың айтуынша, мектеп 2018 жылы Шерхан Әлібекұлы деген азаматқа сатылған. 

«Бірақ сомасы жазылмаған – 1 теңгеге алды ма, 2 теңгеге алды ма білмейміз. Әлібекұлы алады да, оны Омароваға 15 млн теңгеге сатады. 15 млн теңгеге сатып отырса, демек ол (Әлібекұлы) одан да арзанға алды деген сөз ғой. 2019 жылы 11 желтоқсанда “Іргетас құрылыс 2” деген компания оны 80 млн теңгеге сатып алған. Антикор мен жергілікті прокуратура заң бұзылғанын біліп отыр. Олар да шағымданған. Біраз арызды сот қабылдамай, кері қайтарған», –  дейді ол.

Мақсат Толықбай судьяның есімі Әмірханова екенін айтты. 

«Судья үшін бұл қалыпты нәрсе шығар. Балабақша, мектепті, мемлекет мүлкін сатып жіберу деген. Ең болмаса, көзге көрініп тұрған факт қой – 15 млн теңгеге тұруы мүмкін емес. Ол Алматы қаласындағы үлкен елдімекен. Халық тығыз орналасқан. Қарапайым үйдің өзі 15 млн теңгеден қымбат. Ең қызығы, сатылар алдында мектепте капремонт жасалған. Көп ақша бөлінген», –  дейді ол.

 Телеграм арнаға жазылыңыз!

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →