×

“Жазғы мектеп академиясы” ұлытаулық оқушыларды қабылдады

Жазғы мектептер жұмысы басталды

“Жазғы мектеп академиясы” ұлытаулық оқушыларды қабылдады

Елімізде оқу жылы аяқталысымен жыл сайын жазғы мектептер жұмысы басталады. Әлемді жайлаған пандемияға байланысты оқушылардың білімінің кем-кетік тұсын толықтыруға, күрделі тақырыптарды меңгертуге бағытталған оқу үдерісі биыл да жалғасын тапты. 20 күнге созылатын жазғы мектеп бағдарламасы Ұлытау облысында “Жазғы мектеп академиясы” жобасы негізінде жүзеге асуда. Бүгін өңірдің барлық мектептерінде жазғы мектептер оқушыларды қайта қабылдады. Жоба балаларды жан-жақты дамытуға, сауықтыруға бағытталған әлеуметтік-психологиялық кеңістік құру мақсатындағы 4 бағыт бойынша жүзеге асырылмақ: 
1. “Мен – азаматпын!”
2. “Біз – бақытты баламыз!”
3. Bilim+
4. “Салауатты ұрпақ – салауатты қоғам”


 
       «МЕН-АЗАМАТПЫН» бағытында туған өлкенің тарихи-мәдени мұралары мен елге танымал  тұлғалары мен тарихи-мәдени мұраларын дәріптеу мақсатында «Арқаның айшықты іздері» атты телекөпір өтті. Телекөпірге «Алтын Арқа» бағдарламасының сараптамалық тобы, білім беру ұйымдарының пікірсайыс алаңдарының пікірсайысшылары мен жетекшілері, мектеп парламенттерінің мүшелері, 8,10-сынып білім алушылары қатысты. Ашық диалог форматында өткен телекөпірге облыс бойынша 105 оқушы қосылып, туған өлке тарихы, тұлғалар өмірі жайлы білімдері мен өз ойларын ортаға салды. 

        «БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ» бағыты «Менің мектебім менің көзіммен» атты шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарының мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиеленушілері, 1-4 сынып оқушылары көрмені тамашалауға мүмкіндік алды.

       “BILIM+”  бағытында  жастардың  инновациялық  бизнес -жобалар жасау бойынша табысты бизнесмендермен сұхбат жастар назарын аудартты. Дарынды оқушылар “Үздік бизнес-жоба”байқауының жеңімпаздарымен кездесті.
Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында өткен іс-шараға қала жастарының көшбасшысы, бірнеше жыл қатарынан бизнес идеялар байқауында жеңімпаздар қатарынан табылып жүрген Ыдырыс Қозайдаров қатысты. 

  – Бизнес бастау үшін бастысы – тәуекел ете білу керек. “Ел не дейді, бұл ойым дұрыс емес”,  – деп кейінге тарта берер болсаң, сенен ешқашан жақсы бизнесмен шықпайды. Мен де өз кәсібімді осылай бастадым. Көңілде қорқыныш болғанмен, оны ұмытуға тырыстым. Қазір жастар жұмысын ұйымдастыру бойынша да жаңа жобалар әзірлеп жатырмын, – деген Ыдырыс Ұлытау облысы жастарында өзге өңірлермен салыстырғанда мүмкіндіктер легі көп, мемлекеттен қолдау да мол екенін тілге тиек етті. 
       «САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ - САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ» бағыты оқушылар бойына “Шынықсаң – шымыр боласың” деген қағиданы сіңіруге бағытталған. Осы мақсатта Ғарышкерлер бақжолында  «Drive fest 365» тақырыбында  спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпаз оқушылар мадақтамалармен марапатталды. 

Ақниет Тағыберген

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Кеше, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →