×

Назарбаев университетінің қаржылық қызметіне тексеріс жүргізіледі

Оның сөзінше, оқу орнының автономдық құқығы шектелмейді

Назарбаев университетінің қаржылық қызметіне тексеріс жүргізіледі
NU Image

Саясат Нұрбек Назарбаев университетінің қаржылық қызметіне анализ жасалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның сөзінше, оқу орнының автономдық құқығы шектелмейді.

«Назарбаев университеті туралы заң өзгеріп жатыр. Үкіметтің, біздің министрліктің негізгі мақсаты – университеттің әлеуетін сақтап қалу және оны мықты зерттеу деңгейіне шығару. Негізгі басым жоспарымыз – зерттеу әлеуетін көтеру.  Назарбаев университетте өте мықты тоғыз зертхана бар. Ең мықты профессорлар, оқытушылар шоғырланған. Мақала тұрғысынан, ғылыми публикация тұрғысынан ең бірінші деңгейде тұр.  Бірақ қолданбалы, салалық зерттеулер аздау. Шыны керек, ұлттық компанияларымызға, салалық компанияларымызға, өндіріске қолданбалы үлесі әлі аздау», - деді министр.

Министр университетті қаржыландыру тәртібі сол күйінде қалатынын атап өтті. Автономдық құқығы шектелмейді. 

«Өйткені жиналып қалған потенциалды шайқап, төгіп алмауымыз керек. Қалыптасқан кадрларды, сол жерге құйылған ақшаның арқасында пайда болған мықты зертханаларды жоғалтып алмауымыз қажет. Қаржыландыру тәртібі сол күйінде сақталады. Бірақ қазір анализін жасауымыз керек. Сол анализдің қорытындысына қарай көреміз. Білесіздер, басшылығы ауысады. Үлкен конкурс жарияланады. Сол конкурс негізінде ғана басшылық тағайындалып, содан кейін анализ жасалады», - деді Саясат Нұрбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →