×

15 млн-ға сатылған мектеп мемлекетке қайтарылды – Алматы облысының әкімі

Кәсіпкер өз еркімен ғимаратты қайтарып берді

15 млн-ға сатылған мектеп мемлекетке қайтарылды – Алматы облысының әкімі
http://22-ileaud.mektebi.kz/

Қоғамда резонанс туғызған Алматы облысындағы мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы тілшілермен кездесуде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қарасай ауданындағы 15 миллион теңгеге сатылып кеткен мектеп мемлекет меншігіне қайтарылыпты. Осыдан алты күн бұрын бұрынғы білім ошағын сатып алған кәсіпкер өз еркімен ғимаратты қайтарып берді», –  дейді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында Ломоносов атындағы 250 орынға арналған орта мектеп 15 миллион теңгеге сатылып кеткенін айтып, екі ай ішінде мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен еді.

Кейіннен Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов М.Ломоносов атындағы мектебінің ескі ғимараты 2018 жылы 15 224 000 теңгеге сатылғанын растаған еді. Сосын мектепті қайтару бойынша 2023 жылдың 9 наурызы күні Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап арыз жолданғанын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Кеше, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →