×

Біз әлі Тәуелсіздік алмай, Кеңес Одағында жүргендейміз - депутат Қазыбек Иса

Ол Мәслихат депутаттарының отырысында Риддердегі жалғыз қазақ мектебінің мәселесін көтерді

Біз әлі Тәуелсіздік алмай, Кеңес Одағында жүргендейміз - депутат Қазыбек Иса
turkystan.kz

Бүгін Мәслихат депутаттарының кезекті отырысы өтті. Жиында  депутат Қазыбек Иса сөз алып, Риддердегі  жалғыз қазақ мектебінің апатты жағдайда екенін айтып, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен ШҚО әкімі Даниал Ахметовке сауалын жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Айтуынша, Риддерде 550 бала – өткен ғасырдың басында 1936 және 1952 жылы салынған екі ескі тозығы жеткен ғимаратта оқып жатыр. ​

Қазыбек Иса қалада тағы 700-дей бала мұқтаждықтан аралас мектепте оқып жүргенін айтады.

«Жаңа мектепке жер бөлінгенімен, құжаттары бұрмаланып, заңсыздық орын алған. Апатты жағдайдағы шаңырағы құлайын деп тұрған шаңырақ мектебі туралы ата-аналардың арыз-шағымын естігенде, біз әлі  өзімізді Тәуелсіздік алмай, Кеңес Одағында жүргендей сезінеміз. Риддердегі алғашқы қазақ мектебі әйгілі «Желтоқсан» көтерілісінен кейін 1987 жылы кешкі мектеп болып ашылды. Бірақ сол Кеңес одағы кезінен оңалып кеткені шамалы. Риддердегі 16 мектептің 12-сі — орысша, 3-еуі — аралас,  1-еуі ғана — қазақша мектеп. Қазақ елінде қазақ мектебі 20 жылдан бері ғимарат сұрап зарлап келеді. Риддерде қазақ мектебі жетпегендіктен, қазақ балаларына дискринимация жасалып, оқуға жағдай жасалмауда. Бірақ соның өзінде қазақ мектебі қаладағы «үздік мектеп» атанып, «Қазақстанның 100 мектебі» тізіміне енген. 2008 жылы жаңа мектеп салуға жер де бөлінген. Бірақ ол аралас мектепке берілген.«Шаңырақ» мектебіне тиесілі орынды заңсыз аралас мектепке айналдырып жібергендер заң алдында жауап беруі тиіс», — дейді ол. 

Еске сала кетейік, бұған дейін мәжіліс жиынында 15 млн теңгеге сатылған Алматы облысындағы мектеп туралы айтқан Мақсат Толықбайдың депутаттық сауалы қоғамда резонанс тудырған еді. Енді міне араға апта салып, мәселе өз шешімін тапты.

Оқу-ағарту министрі мен ШҚО әкімі Риддердегі ата-аналардың шағымын жеткізіп, өзекті мәселені көтерген депутат Қазыбек Исаның да сауалын ескеріп, нәтиже шығаратынына сенгіміз келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →