×

Шолпан Каринова оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

Үкіметтің қаулысымен

Шолпан Каринова оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
"AMANAT" партиясының баспасөз қызметі

Шолпан Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарламасында.

Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Шохан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы орта мектеп мұғалімі болып бастады.

1998-2003 жылдары білім беру ұйымдарында оқытушылық және аударма қызметімен айналысқан.

2004-2005 жылдары – СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры.

2005-2012 жылдары СҚО Тайынша ауданының білім бөлімінде; Тайынша қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде; Петропавл қаласы, СҚО Білім басқармасында басшылық қызмет атқарған.

2012-2013 жылдары – Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.

2013-2017 жылдары – Петропавл қаласы, СҚО Білім басқармасы басшысының м. а.

2017-2018 жылдары – ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Астана қаласындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебі" Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары.

2019-2022 жылдары – ҚР білім және ғылым вице-министрі.

2022 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып қызмет атқарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →