×

Мемлекеттік білім гранттарының тізімі жарияланды

Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінген

Мемлекеттік білім гранттарының тізімі жарияланды
ашық дереккөзден

Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2023 - 2024 оқу жылына арналған білім гранттарын бөлу тізімі жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz 

Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінген: бакалавриатқа – 73 мыңға жуық; магистратураға – 13 мыңнан астам, докторантураға – 1800-ден астам.

Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген. «Серпін» жобасы арқылы 4 бағыт бойынша білім алуға болады: педагогика ғылымдары, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауы лшаруашылығы. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Айта кетсек, оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылды. Сондай-ақ бұрын мамандар өзі оқыған аймақта ғана грантты жұмыспен өтейтін болса, енді 11 аймақта қызмет ете алады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді. Талапкерлер берілген ақпарат негізінде дұрыс таңдау жасайды деп сенемін», – деп атап өтті Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

2023-2024 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімімен келесі сілтемелер бойынша танысуға болады:

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ұлы Абылай хан»: елімізде Абылай ханның мәртебесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін
Кеше, 14:05

«Ұлы Абылай хан»: елімізде Абылай ханның мәртебесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін

Бастамашылар тілге тиек еткен негізгі уәждерін мәлімдеді
«Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау 16 наурызда басталып, 16 қазанда аяқталады
Талдықорғандық стартаперлер жартылай финалдық кезеңнің жеңімпазы атанды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →