×

"Бірнеше бала бір төсекте жатады": Балалар лагерінде тағы да дау шықты

Ата-аналар лагердің жағдайына шағымданды

"Бірнеше бала бір төсекте жатады": Балалар лагерінде тағы да дау шықты
Instagram / angry_taldyk

Алматы облысындағы балалар лагерлерінің біріне тегін жолдама берілген оқушылардың ата-аналары лагерьдің жағдайы мәз емес екенін айтып, шағымданды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Аналардың айтуынша, балалар кішкентай, лас және ыңғайсыз бөлмелерде ұйықтауға мәжбүр болған. "Бірнеше бала бір төсекте жатады, ал лагерь ішіндегі қабырғалар 90-жылдарды еске салады", деседі олар.

"Түнде ыстық, төсек-орындары мен бөлмелері тар. Лагерь тегін екенін түсінемін, бірақ олар бала ғой. Демалыс алдында лагерьдің сапасы тексерілмей ме?" – деп ата-аналар шағымын жеткізді.

Zakon.kz тілшісі Алматы облысы білім басқармасының қызметкерлерінен түсініктеме алуға тырысты, бірақ жауапты тұлғалардың ешқайсысы түсініктеме беруге ықылас танытпады.

Ведомство өкілдері лагерьді тексеруге прокуратура қызметкерлері кеткенін ғана айтты.

Алматыда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары Алматы облысындағы лагерьлердің біріне тегін жолдама алған. Алайда сауна ғимаратынан ашылған лагерь ата-аналардың ашуын келтірді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →