×

НЗМ енді ауыл квотасымен түсуге болады

"Өркен" гранттарының 10 пайызы ауыл оқушыларына беріледі

НЗМ енді ауыл квотасымен түсуге болады
фото: ашық дереккөзден

 

Дарынды балалардың Назарбаев зияткерлік мектептерінде білім алуына жағдай жасау үшін "Өркен" гранттар санынан 10% квота ауыл мектептерінде білім алатын үміткерлерге тағайындалады, деп хабарлайды  qaz365.kz  Ашық НҚА порталында жарияланған  құжатқа сілтеме жасап. 

Оқу-ағарту министрлігінің түсіндіруінше, бұл өзгеріс Назарбаев зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға грант тағайындау бойынша ата-аналар қауымдастығынан түскен өтініштерді орындау мақсатында енгізіліп отыр. 

Өзгертулер бойынша әр жылға бөлінетін грант санын жариялау мерзімі де енді нақты болады. Жобаға сәйкес, тізім әр жылдың ақпан айынан кешіктірілмей жарияланады. 

Сондай-ақ, енді "Өркен" грантының емтиханын тапсырған үміткерлер мен олардың ата-аналары конкурс қорытындысын "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ ресми интернет-ресурсы арқылы білетін болады. Мұнда үміткердің жинаған балл саны және грант алғаны не алмағаны, болмаса резервке өткені туралы ақпарат жазылады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылорда қаласында физика-математика бағытындағы жаңа БИЛ ашылды
Бүгін, 18:31

Қызылорда қаласында физика-математика бағытындағы жаңа БИЛ ашылды

Вице-премьер Ермек Көшербаев өңірдегі әлеуметтік нысандарды аралады
Бастама орта білім беру сапасын арттыруға және балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша тиімді әдістемелерді таратуға бағытталған және ол жыл сайынғы практикаға айналады.
Италия жоғары оқу орындарының арасында 58 екіжақты келісімге қол қойылған
Аятжан Ахмежанұлы көшеде кетіп бара жатсаң, кей адамдардың сөзінен адам ұялады. Сөзден құсық төгіліп, жын шашырап кетіп бара жатқан адамдарды көресің деп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →