×

Оқу жылының ұзақтығы жөнінде шешім осы аптада қабылданады – министр

Министрдің айтуынша, оқу жылы мерзіміне қатысты сарапшылардың пікірі екіге бөлінген

Оқу жылының ұзақтығы жөнінде шешім осы аптада қабылданады – министр
azh.kz

Биылғы оқу жылының мерзімі осы аптада белгілі болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Оқу жылының мерзіміне қатысты министр ретінде шешім қабылдауым керек. Бірақ шешім алдымен балалардың мүддесіне сай болуы керек. Мен ортақ келісімге келу бойынша тапсырма бердім. Оқу мерзіміне қатысты пікір екіге жарылды, бұл жерде мәселе кімдердің жеңетінінде емес. Бұл жерде алдымен балаларға білім беруде жағдай жасауымыз керек. Менің ойымша, жуырда аталған жайтқа қатысты нақты шешім қабылдаймыз. Осы аптада деп ойлаймын», – деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, оқу жылы мерзіміне қатысты сарапшылардың пікірі екіге бөлінген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
17.05.2025ж. 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →