×

Ұлытау облысы орыс тілді мектептермен толықтай қоштасты

Облыста жалпы 88 мектеп бар

Ұлытау облысы орыс тілді мектептермен толықтай қоштасты
Ашық дереккөзден

Жаңадан құрылған Ұлытау облысында жалпы 88 мектеп бар. Бір қызығы, қазіргі кезде таза орыс тілінде білім беретін бірде-бір мектеп қалмаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, былтырғы 2022-2023 оқу жылында мұнда  39 601 оқушы оқыған. Соның 19 153-і – қазақ, 18 795-і – аралас, 1 653-і орыс мектептерінде білім алған екен.
Бұрынғы жылдары Сәтбаев қаласында – 2, Қаражал қаласында 1 орыс мектебі болған. Ал биылғы оқу жылында оның бірде-біреуі қалмады. Облыста орысша білім алғысы келетіндер тек аралас мектепке бара алады. Мұндай мектептерде Жезқазғанда – 12-сі, Сәтбаевта алтауы бар.  Сонымен қатар Қаражалда – 3, Жаңаарқа ауданында – 2, Ұлытау ауданында – 3-і орналасқан. 

Ұлытау облысындағы 26 аралас мектептің орыс сыныптарында оқыған оқушылардың үлес салмағы жылдан-жылға азайып келеді. Былтыр 39,2 пайыз болса, биыл бұдан да төмендеуі мүмкін. 
Тағы бір жақсы жаңалық, облыспен аттас Ұлытау ауданында аралас мектептердегі орыс сыныптарына құжат қабылдау мүлдем тоқтатылды.

Жаңа оқу жылында 4 342 бала мектеп табалдырығын аттайды. Осы балалардың 81,3 пайызы (3 519 оқушы) қазақ сыныбына барады. Былтыр бұл көрсеткіш 67 пайыз болған. Бір жылдың ішінде қазақ сыныптарына баратындардың үлесі артқанын байқауға болады.
Облыс орталығы Жезқазған қаласында 12 аралас мектепте былтыр барлығы 8 993 бала оқыса, осының 4 486-сы қазақ сыныптарында білім алған. Орыс тілінде оқығандардың саны сәл көбірек – 4 507.
Өкініштісі, өге ұлт өкілдерінен қазақ сыныптарына балаларын беретіндер аз. Мысалы, Жезқазғанда небәрі 16 өзге этнос өкілі қазақша оқыған. Сәтбаевта да жағдай осыған ұқсас (34).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →