Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев аппарат отырысын өткізу барысында мектептегі қауіпсіздікке жеке тоқталып, оның қамтамасыз етпеген аудандардың әкіміне бүкіл БАҚ-ты қарсы қоятынын мәлімдеді. Сонымен қатар әкім облыстық білім басқармасындағы шенеунікті қызметінен босатқалы отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Шенеунік қызметінен кетеді
Шығыс Қазақстанның 343 мектебі 1 қыркүйекте 98 мыңнан астам баланы қабылдайды. Олардың 9 654-і – бірінші сынып оқушылары. Жиналыстар мен кеңейтілген отырыстарда осы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы бірнеше мәрте талқыланған.
«Әр әкім балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп спорт алаңдары мен залдарын жеке тексеруі керек», – деп есептейді Ермек Көшербаев.
Өңір басшысы облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерінің және басшысының міндетін атқарушы Жұмабек Қамбетовтың құзыреттілігі күмәнданды. Айтуынша, шенеунік Самар ауданындағы бір ғана мектептің ғимарат ішінде қазандығы бар екенін білмеген.
Облыста шағын жинақталған мектептерде бастауыш сынып балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі шешілген. Мәселелердің мән-жайын нақты білмеу бірнеше ведомстволардың жұмысына күмән келтіреді. Ермек Көшербаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа Жұмабек Қамбетовтің құзыреттілігі туралы мәселемен жүгінуге уәде берді.
«Бүгін маған өңірлердегі мектептерде тұрған қазандықтар жөнінде ақпарат дайындаңдар. Оны орынбасарым тексерсін. Егер сандар сәйкес келмесе немесе шатастырғысы келсе, министрге (Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа) Қамбетовке тәртіптік жаза беруді, керек болса, қызметінен босату жөнінде ұсыным беремін. Егер солай болса! Ал егер біздің қызметкерлер кінәлі болса, мониторинг дұрыс болмаса, сол салаға жауапты қызметкерлеріміздің жұмысы қаралады», - дейді Көшербаев.
Көшербаев отырысқа баяндамасыз келген Қамбетовке шүйлікті.
«Мектеп ішіндегі қазандықтар, асханадар бойынша баяндамалар ойға сыймайды», – дейді ол.
«Тоқсан сайын тексеріңдер»
Әкім сонымен қатар өңірлерді аралағанда мектептерді өз көзімен тексеруге уәде берді.
«Егер мектеп қақпалары қалбалақтап тұрса, онда баспасөзді шақырам да, «міне, мына әкім балалардың қауіпсіздігін ойламайды» деп айтып берем. Содан кейін сайлауға қалай баратындарыңды көрейік», – дейді облыс әкімі.
Ермек Көшербаевтың айтуынша, осынау жүйелі мәселелердің бәрі де мән бермегеннен басталатынын айтады. Әкім шын мәнінде, мұны түкке тұрмайтын мәселе екенін айтады.
«Ауылдарды көріп, көз жеткізіп қайтыңдар. Акт толтырыңдар. Ертең бірдеңе болып қалса, кінәлі адамдарды іздемейсіңдер. Қолды қойғанмен, бір тоқсанда бір рет барып бәрін тексеріп тұру керек. Себебі күнделікті футбол ойнағанда қақпа қозғалады. Оның бәрін тексеріп тұру керек», - дейді ол.