×

«Турецкий костюм-шалбар әкел»: Түркістан облысында балабақша басшысы шенеуніктен қысым көргенін мәлімдеді

2023 жылы қаңтар айында дотациялық 41 млн теңге бөлінген

«Турецкий костюм-шалбар әкел»: Түркістан облысында балабақша басшысы шенеуніктен қысым көргенін мәлімдеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Келес ауданы халқымен кездесуі шусыз өткен жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жолы Ошақты елді мекеніндегі Береке ауылында балабақшасы бар кәсіпкер жұрт алдында аудандық білім бөлімінің басшысы «турецкий костюм-шалбар әкел» деп талап еткенін айтты.

Кәсіпкердің айтуынша, Келес ауданы Ошақты ауылдық округі Береке ауылында орналасқан «Айқаракөз-бөбекжай» балабақшасы 2013 жылдан бері жұмыс істейді. 65 балаға арналған. 2023 жылы қаңтар айында дотациялық 41 млн теңге бөлінген. 
 

«Әбдиев (Бақтияр Әбдиев – аудандық білім бөлімінің басшысы) мырзаның, міне, өзі отыр. Қаржы қаңтар айында бөлінді де, ақпан айына мүлде бөлінген жоқ. Наурыз айына қайтадан аударылып кетті. Наурыздың аяғында барып, «Әбдиев мырза, «маған енді қаңтар мен ақпан айының ақшасын берсеңіз, қызметкерлердің қаржысын беріп, жұмысымды жалғастырайын» дегенімде, «Кетші бар, сенен басқа істейтін жұмысым жоқ па?» деді. Одан кейін наурыз айының аяғында барғанымда, міне, халықтың алдында шындықты айтамын, «турецкий костюм-шалбар әкелесің, содан кейін жұмысың жалғасады» деді. Турецкий костюм-шалбарды қайдан алайын, аға», - дейді кәсіпкер облыс әкіміне қарата.


Балабақша қызметкерлері айлығын ала алмай жүргеніне 7 ай болыпты. Аудан әкімі мен аудандық прокурор кәсіпкерді қабылдаған. 

«Әбдиев мырза бізді қысады. Тексере береді. Мораторий жарияланғанына қарамай тексере береді. Сылтау тауып, жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Жұмысымызды жасаймыз, айлығымызды берсін, балабақшаны үлкейтемін, кеңейтемін, өзім жалдамалы пәтерде тұрсам да, балаларға жағдай жасаймын», - дейді ол.
 

Халықпен кездесуге қатысқан Келес ауданы білім бөлімінің басшысы да сол жиында болған. Ол өзіне қарата айтылған сөзді «жала» екенін мәлімдеді.

«Бұл кісі жала жабуға көшейін депті. Ол жағын айтпай-ақ қояйын. 4 қаңтар күні біздің ғимарат көшіп жатыр деп хат берген. Егер хат берсе, бір ай оның қаржысы жүреді. Бір айдан кейін бұл кісі тиісті құжаттарын өткізбеді. Сондықтан бұйрықпен қаржысы тоқталылған. Келісімшарт бұзылған. Бұл кісіге қайта облысқа түссе ғана ала алады ақшаны, әйтпесе ала алмайды. Бұл кісі барлық жерге барды. Ал егер менікі заңсыз болса, мен қашан да жауап берем», - дейді Бахтияр Әбдиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Хиджабқа тыйым күшінде: министрлік жекеменшік мектептер ескертусіз тексеру құқығына ие болды
Бүгін, 19:04

Хиджабқа тыйым күшінде: министрлік жекеменшік мектептер ескертусіз тексеру құқығына ие болды

Ғани Бейсембаев өскелең ұрпақтан ертең табысты тұлғаны қалыптастыруға көбірек бағыттауымыз керек деп мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →