Оқушылар қайтадан 34 апталық оқуға көшеді
Оқушылар үшін оқу мерзімінің аяқталуы қайтадан 25 мамырға ауысты. Бұл туралы Тамыз кеңесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Оқу жылын ұзарту туралы шешім дұрыс, бірақ асығыс қабылданған. Сондықтан оқу жылының ұзақтығын 34 апта көлемінде қалдыруды ұсынамын. Ал оны ұзарту мәселесіне 2025 жылы қайта оралған жөн», - деді министр.
Оның айтуынша, алдағы оқу жылында қажетті дайындық жұмыстарын жүргізу, оның ішінде оқу жоспарын бейімдеу және оқу жылын 2025 жылдан кейін 36 аптаға ұзарту мәселесіне қайта оралу қажет.