×

Министр Саясат Нұрбек Алматыдағы бірнеше ЖОО-ның жатақханаларын аралап, тексеріп шықты

Мұқтаж жандарға жатақхана мен жеке хостелдардан орын беруді тапсырды

Министр Саясат Нұрбек Алматыдағы бірнеше ЖОО-ның жатақханаларын аралап, тексеріп шықты
Telegram/gylym_jogary_bilim

Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ахуалдық орталығының жұмысымен танысып, оқу ордасының инфрақұрылымдар жүйесінің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Саясат Нұрбек студенттік жатақханалар мен оқу ғимараттарын аралап, алдағы оқу жылында білім алушылардың барлығына қажетті жағдай жасау керектігін айтты.

"Университет жатақханалары студенттерді қабылдауға дайын, жақсы жұмыстар жасалған. Өз тарапымнан білім алушылардың барлығын дерлік жатақханамен қамтамасыз ету керектігін тапсырамын", - деді министр.

Одан соң министр Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жатақханаларында болды. Министр білім ордасының медициналық орталығын, білім алушылардың демалыс орындары мен компьютерлік залдарын аралады.

Өз сөзінде Саясат Нұрбек студенттердің жатақхамен қамтамасыз етілуінің маңыздылығын атап өтіп, ондағы жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын тез арада бітуруді, қыздардың қауіпсіз және жайлылығы үшін жатақхананың сыртқы қоршауын толық қалпына келтіруді тапсырды.

"Нархоз" университетінің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру барысында президент Мирас Дауленов министрге білім ордасының арсеналында 3 жеке және 4 серіктес жатақханасы барын жеткізді. Жатақхананың әр қабаты асханамен, кір жуатын бөлмемен, демалыс орындарымен жабдықталған. Өз кезегінде министр барлық мұқтаж жандарға жатақхана мен жеке хостелдардан орын беруді тапсырды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →