×

Оқу-ағарту министрлігі: Мектепте орамал тағуға қатысты ҚМДБ-дан ешқандай ресми ұсыныс түскен жоқ

Бұған дейін ҚМДБ жаулықтың қандай түрін тағуға болатынын ұсыған еді

Оқу-ағарту министрлігі: Мектепте орамал тағуға қатысты ҚМДБ-дан ешқандай ресми ұсыныс түскен жоқ
Азаттық радиосы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан мектепте орамал тағуға қатысты ешқандай ұсыныс түспеген, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл ақпаратты Qaz365.kz агенттігінің тілшісіне Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Еліміздегі білім беру және тәрбие ісі – дін мен діни бірлестіктерден бөлек және зайырлы сипатқа ие. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар осыған сай, 2016 жылы қабылданды. Яғни, біртұтас түстегі классикалық киім стилі. Мектеп формасына қатысты барлық талаптар сол күйі қалады. Ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ.Оқу-ағарту министрлігінің негізгі міндеті — балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру, сол үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы  «тиісті мекемеге орамалдың ақ және көк түсі ұсынылды» деп айтқан болатын. Алайда министрліктің баспасөз қызметі ҚМДБ-дан ешқандай ұсыныс түспегенін хабарлады.

«Балалардың құқығын қорғау комитетіне де, тәрбие ісі жөніндегі департаментке де, кеңсеге де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан ешқандай ресми хат келіп түскен жоқ», - деп хабарлады министрліктен.


Жалпы ел ішінде мектептегі хиджаб мәселесі жыл сайын қызу талқыланатын тақырыпқа айналып барады. Дінге жақын азаматтар мектепе орамал тағуға рұқсат беру керек дейді. Алайда заңға сүйенген азаматтар олардың пікірін қоштамайды. 


Кеше Мәдениет және ақпарат министр Аида Балаева мектепке хиджабпен емес,  арнайы бекітілген форма кию міндетті екенін айтқан еді. Оның алдында ҚМДБ-ның шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз деген ақпарат таратты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →