×

Оңай табыс ұсынып, алаяқтар банк картаңызды пайдалануы мүмкін – ҚМА ескертті

Есірткі сатумен байланысты схемаларда жалпы айналымы 22 млрд теңге болатын 30 мың банк картасы пайдаланылған

Оңай табыс ұсынып, алаяқтар банк картаңызды пайдалануы мүмкін – ҚМА ескертті
Ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды жеке банк карталарын пайдалану арқылы қылмыстық табыстарды заңдастыру үшін оңай табыс ұсынып, қылмыстық схемаларға тарту фактілері жиілеп кеткені туралы ескертеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.Агентттік азаматтар қаржылық операциялар жасау үшін банк карталарын үшінші тұлғаларға беріп, «дроп» болу қауіпін ескермей, қылмыстық схемаларға тартылуы мүмкін екенін ескептті.

“Ақша кибер құқықбұзушылықтардан немесе есірткі және адам сату сияқты қылмыстық схемалардан тартылуы ықтимал. ҚМА жүргізген талдауына сәйкес, есірткі сатумен байланысты схемаларда жалпы айналымы 22 млрд теңге болатын 30 мың банк картасы пайдаланылған. Мұндай заңсыз схемаларға қатысу тұлғалардың мүлкін тәркілеу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік сияқты ауыр салдарға әкеледі. ҚМА соңғы зерттеулеріне сәйкес, қаржылық қиындықтарға тап болғандардың, атап айтқанда жұмыссыздар, студенттер және әлеуметтік осал топ өкілдерінің алаяқтардың жеңіл жолмен оңай олжаға кенелу уәделеріне сеніп, «дроп» болып қалу қауіпі жоғары екені анықталды, – деп хабарлады агенттіктің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Астана мен Қарағанды қаласының студенттері және Теміртаулық 64 жастағы зейнеткер «дроп» ретінде Telegram-дүкенінде есірткі сатудан алынған ақшаны жылыстату схемасына қатысқан. Олардың шоттары арқылы 100 млн теңгеден астам қаржы өткен. Бұл наркошоптың жалпы айналымы 2 млрд теңгеден асқан. Тағы бір жағдайда Алматыда 20 жастағы студенттің картасы пайдаланылып, оның шотына 900-ден астам адамнан 22,5 млн теңге түскен. Аударымдар 7.5 мыңнан 15 мың теңгеге дейінгі аралықта болған, бұл сомалар есірткі заттарының бір реттік дозаларының құнына сәйкес келеді. Кейіннен бұл ақша құқық бұзушылардың крипто-әмияндарына шығарылды.  

“Құрметті азаматтар! Онлайн диалог арқылы бейтаныс азаматтар немесе компанияның өкілдері хабарласып, шотыңызға сыйақыға ақша аударып, есесінен оңай ақша табуды ұсынған жағдайда қырағылық танытып, өзіңізді қылмыстық схеманың мүшесі болудан сақтаңыз.  Егер сіз мұндай ұсыныстарға тап болсаңыз, алаяқтармен барлық байланысты тоқтатып, ақша аудармаңыз. Аталған фактілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз, олар сізге тиісті ақпараттық қолдау көрсетеді”, – дейді Әбділов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейде 35 жылдан кейін балалар пойызы жүре бастады
Бүгін, 10:12

Семейде 35 жылдан кейін балалар пойызы жүре бастады

Бұл балалар теміржолы 1979 жылы ашылып, кейін 90 жылдардың ортасына қарай жабылған
Бұл туралы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені хабарлады
Бұл өзгеріс медсақтандыруға жарналарды аудару бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты болып отыр
Полиция қызметкерлері аталған өнімдерді сатумен айналысқан екі адамды анықтаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →