×

"Көп тіл білсек, биік тұрамыз": Қошанов мектептегі орыс әдебиетінің оқытылуына қатысты пікір білдірді

Ерлан Қошанов орыс әдебиетінің орнына әлем әдебиетін өткізейік деген ұсынысқа пікір білдірді

"Көп тіл білсек, биік тұрамыз": Қошанов мектептегі орыс әдебиетінің оқытылуына қатысты пікір білдірді
Qaz365.kz коллажы

Мәжілістің кулуарында спикер Ерлан Қошанов депутат Ринат Зайытовтың орыс әдебиетінің орнына әлем әдебиетін өткізейік деген ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Мәселеге бұлай қарамау керек. Мәжілісте алуан түрлі пікірі бар депутаттар жиналды. Сондықтан біз оларға тыйым сала алмаймыз. Олар өз ойларын айтады. Бізге орыс тіліне тыйым салуымыз керек пе, әлде мемлекеттік тілді дамыту керек пе? Бұған қатысты бұрын да пікірімді айтқамын. Еліміздің азаматтары неғұрлым көп тіл білетін болса, балаларымыз, ұрпағымыз, өзіміз басқа мемлекеттің тұрғындарынан бір деңгейге биік тұрамыз», - дейді Ерлан Қошанов.


Ол орыс тілі де, ағылшын тілі де керек деп отыр.

«Алайда бірінші кезекте басымдық мемлекеттік тілге беріледі. Сондықтан біз мектепті бітірген балаларымыз мемлекетті тілді еркін меңгеруі керек. Мәселе сонда. Мұнда басқа тілдерді оқытуға кедергі жоқ. Біз басқа тілдерді оқытуды төмендету арқылы мемлекеттік тілдің мәселесін шешпеуіміз керек. Бәрін де дамытуымыз керек. Бірақ мемлекеттік тілге басымдықты сақтау қажет», - дейді Мәжіліс төрағасы.

 


Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мектептерде орыс әдебиетінің орнына әлем әдебиетін оқыту керек деген ұсыныс айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →