×

Неге бізді «добивать» етеді: Ақтауда мектептің былығын ашқан оқушы қысым көріп жатыр

Оқушы комиссия келген уақытта дәретханаға «ешқашан қойылмайтын сабын мен қағаздың» пайда болғанын жазып, видео түсірген

Неге бізді «добивать» етеді: Ақтауда мектептің былығын ашқан оқушы қысым көріп жатыр
Видео кадр

Ақтауда мектептердің бірінде шу шықты. Оқушы комиссия келген уақытта дәретханаға «ешқашан қойылмайтын сабын мен қағаздың» пайда болғанын жазып, видео түсірген. Сол үшін мектеп әкімшілігі оған қысым көрсетіп жатқан көрінеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Ақтауда қалалық №3 мектептің 11-сынып оқушысы «мектепке тексеріс келіп, әжетханада қағаз, сабын өз орнына қойылды. Бұндайды іздеп кетуші едік» деп видео түсіріп басы дауға қалған.

Бүгін мектеп әкімшілігі тарапынан қысым көргенін айтып, жылап тұрып видео жазған.

Оқушыға ұстаздар ата-анасының жұмыстан айыппұл арқалайтынын, өзі мектеп атынан ешқандай жарысқа бармайтынын ескерткен.

«Бүгін маған шешеңе, әкеңе айыппұл саламыз. Жарыстарға бармайсың деді маған. Маған солай қатынасып жатыр. Маған «шешеңе обал» болды дейді. Мен қазір жылағым келіп отыр. Жылап салатын болсам, қызықтың көкесі сонда болады. Жыламай отырмын. Намысыма тиіп кетті қатты айтқан сөздері. Олар маған қалай айыппұл салады, мені қалай жарысқа жібермейді. Қалай олар маған осындай сөздер айтады. Неге «добивать» етеді бізді”, – дейді оқушы. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →