×

Мектепте бастауыш сынып оқушыларына мерзімі өткен йогурт берілген

Йогруттың жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен

Мектепте бастауыш сынып оқушыларына мерзімі өткен йогурт берілген
depositphotos.com

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қарасай ауданындағы орта мектепте бастауыш сынып оқушыларына тегін түскі асқа жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен "Растишка" йогуртын берген деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

“Мен қатты шошып кеттім, бүгін балам тамақ ішіп, қалғанын үйге әкелді. Балаларға мерзімі өтіп кеткен тамақты қалай беруге болады, егер бала уланса, кім жауап береді?”

“Сұмдық”.

“Қаптамада жарамдылық мерзімі 2021 жыл деп көрсетілген. Мерзімі өткен сүт өнімдері өте қауіпті және ауыр жарақат пен улануға әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай өнімді мектепке жеткізуге кім рұқсат берді?”, – деп оқушылардың ата-анасы ашулануда

Мектеп басшылығы өнім жеткізушіні өзгерту және келісім-шартты бұзу туралы шешім қабылданғанын, іс сотқа жіберілетінін хабарлады. Жеткізушінің өзі көтерме базардан өнім алған кезде жарамдылығы өтіп кеткен өнімдерді байқамай қалғанын айтты.

Алматы облыстық қауіпсіздік департаменті орта мектеп асханасын тексеруге жұмыс тобын жібергенін атап өтті. Тексеру қорытындысы бойынша азық-түлік сапасының мониторингі жасалды.

Тек йогурт емес, "Айналайын" сүт өнімінің де жарамдылық мерзімі өтіп кеткен.

"Мектеп директорына тәртіптік шара қолданылды. Жеке кәсіпкерге хабарлама жіберілді. Асхананың жұмысы қатаң бақылауға алынды", – дейді Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданының білім беру бөлімі. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →