×

Еркін ұстаз ғана еркін азаматтарды тәрбиелейді - сарапшы Досыбаев

Мұғалімнің мәртебесі кімге қажет?

Еркін ұстаз ғана еркін азаматтарды тәрбиелейді - сарапшы Досыбаев
Жеке мұрағаттан

Кембридж университетінің түлегі, білім саласының эксперті, CA Garden Shools компаниясының директоры Нұрмұхаммед Досыбаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, еркін ұстаз ғана мәртебелі ұстаз бола алатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Өз парақшасында видеоқұттықтау жариялаған сарапшы мемлекетке ең алдымен мәртебелі ұстаз керек деп санайды. 
 

«Мұғалімнің мәртебесі кімге қажет? Біздің мемлекетке мәртебелі ұстаз қажет пе? Әрине, қажет. Бірақ, мәртебелі ұстаз деген – ең алдымен еркін ұстаз, өзіне сенімді ұстаз. Бірақ дәл сол еркін ұстаз ғана мықты әрі еркін азаматты тәрбиелейді. Мықты азаматтар тәуелсіз, іргелі мемлекеттің іргетасын қалайды. Сол орайда ұстаз мәртебелі болса дейміз. Ал сол мәртебелі болу үшін біліктілігіне назар аудару керек, үнемі даму үстінде болуы қажет. Ең алдымен, өз ісінің амбассадорына, яғни өз елшісіне айналуы қажет», - дейді Досыбаев.


Оның сөзінше, совет одағынан бері келе жатқан жүйелі проблемалармен ұстаздар күресті тоқтатпауы керек. Екі ауысымдық мектеп, ставка жүйесі, сапасыз оқу, ескірген әдістемелер, болашақ ұстаздарды дайындайтын институттардағы әдістемелер – бәрін біз қайта қарап реттелуі тиіс. 
 

«Сол мәселелерді мемлекет, қоғам, ұстаздар болып бірігіп шешсек, ұстаздың мәртебесі биіктей береді. Құрметті ұстаздар, бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Қазақтың білімін әлемдік брендке айналдыра берейік», - деп түйеді ол сөзін.


Еске сала кетейік, Ұстаздар күні бұрынғыдай қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланбайды. Үкімет биыл кәсіби мерекенің нақты датасын бекіткен. Ол – 5 қазан, яғни ертең.
Мұғалімдер күні қарсаңында елімізде "Үздік педагог" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады. Республикалық байқау 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Сол уақыттан бері 620 ұстаз "Үздік педагог" атанған. Оларға 1000 АЕК (3 450 000 теңге) мөлшерінде сыйақы төленді.
Бұдан бөлек ұстаздарға "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы беріледі. Бұл марапатқа ие болғандар айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →