×

«Тізерлеп кешірім сұраңдар деді»: Шымкент мұғалімдері директордың үстінен шағымданды

Мұғалімдер директордың қайта-қайта педагогикалық кеңеске салып, бүкіл ұжым алдында абыройымызды төгеді деп шағымданады

«Тізерлеп кешірім сұраңдар деді»: Шымкент мұғалімдері директордың үстінен шағымданды
Видео кадр

Шымкенттің бір топ мұғалімі өздері қызмет ететін мектеп директорының әрекетін ашық айтып, блогер Бақытжан Көпбаевқа шағымданды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Блогер Көпбаев Асанбай Асқаров атындағы №77 мектептің директорының үстінен шағымданып келген мұғалімдерді сөзге тартқан. Олардың видеосын өз парақшасына жариялады.

«2019 жылдан бері білім ордасына Т.А тағайындалғаннан кейін біз зардап шегіп келеміз. Былайша айтқанда, ақша жинау, сағатты танысына беру, жемқорлық, әділетсіздік бәрі бар. Біз әуелі әкімнің бірінші орынбасарына, прокуратураға, антикорға да шағымдандық. Бізді қайта-қайта жиналысқа салып отыр», - дейді ол.

Мұғалімдер директордың қайта-қайта педагогикалық кеңеске салып, бүкіл ұжым алдында абыройымызды төгеді деп шағымданады. Ұстаздар 2019 жылы директордың үстінен арыз түсірген. Соны есте сақтап қалған директор «бізді қудалап жүр» деп есептейді.

«Тіпті тізерлеп отырып, кешірім сұраңдар деген сөздері де бар. Орынбасары мен директорының мұндай қорлығына енді шыдай алмаймыз. Арызданатын жердің бәріне арыздандық», - дейді ол.

Егде мұғалімнің бірі директордың өзі айтқан өтемақысын ала алмай жүргенін айтады. «Жас балаша үлкен жастағы кісіні алдады» дейді ол.

Блогер Көпбаев осы мәселе бойынша қалалық білім басқармасы басшысының орынбасарынан түсініктеме талап еткен. Алайда ол шенеунік «әр мектепте осындай үш-төрт мұғалім барын, олар директорды бағындырғысы келетінін, бағынбаса үстінен арыз жазатынын» айтқан. Алайда №77 мектептің мұғалімдері бұл біздің жағдай емес дегенге келтіреді.

Мұғалімдер директордың үстінен шағымдану үшін қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесуге келген. Олардың айтуынша, директор мектепте жұмыс істемейтін «лаборанттарды» тіркеп қойған. «Лаборанттар жоқ, бірақ айлық жүріп жатыр» дейді олар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Бүгін, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →