×

Ректор бұйрығы: Оқытушыға қысым көрсеткен декан орынбасары жұмыстан кетті

Түймебаев оқытушыны жұмыстан шығарып, қысым жасаған деканды босатты

Ректор бұйрығы: Оқытушыға қысым көрсеткен декан орынбасары жұмыстан кетті
Qaz365.kz коллажы

Журналист, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы Дастан Қастай жұмыстан негізсіз шығып қалғаны туралы ақпарат тараған еді. Бүгін оқытушы жағдайдың реттелгені туралы мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Менің әлеуметтік желіде көтерген мәселем бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу-ісі жөніндегі проректоры Ләззат Еркінбаеваның қатысуымен бүгін журналистика факультеті ұжымымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Басқосуда факультет деканы Темірғали Көпбаев, кафедра меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева, профессор Кәкен Қамзин, ұстаздар: Бекжан Әшірбаев, Ермахан Шайхы және басқалар орын алған осы көкейтесті мәселе бойынша өз пікірлерін білдірді. Бұдан былай жұртшылық пікірімен санасу, жас мамандарға қысым көрсетпеу, оларға қамқорлық жасау туралы өз ойларын ортаға салды. Сындарлы жұмыс, келісіп пішкен тон келте болмайтынын атап көрсетті.Әкімшілік тарапына біраз сыни-проблемалық пікірлер мен ұсыныстар айтылды», - дейді Дастан Қастай.

Ол проректор өзінің оқытушылық қызметте қалатынын және ол туралы теріс ақпарат түсіргендер, қудалауға жол бергендердің жазаланатынын қадап айтқанын жеткізді.

 Ректор Жансейіт Түймебаевтың мұндай жағдайдан бейхабар екенін жеткізді. 


Сонымен қатар, журналистика факультеті деканының міндетін атқарушы Мәншүк Мұкашева өз еркімен қызметтен кетті.

“Біздің де мақсатымыз - журналистика факультетінде түсінісе, ұғыныса жұмыс істеу еді. Болашақта дәл осындай принциппен қызмет атқару бәрімізге жұғысты болсын.Барша ағайынға, қолдау көрсеткен аға-іні, әпке-қарындасқа, әлі күнге дейін мәпелеп алақанында ұстап жүрген ұстаздарыма мың алғыс білдіремін.Барлық әрекет пен талпыныстың игілікпен біткені дұрыс қой. Осындай «бармақтай бақты», жақсылықпен қауышуды барлық журналистің, блогердің басына тілеймін”, - дейді оқытушы.

 Журналистика факультетіндегі баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева деканның міндетін атқарушы Мәншүк Мұқашеваның тарапынан жасалған қысым ашық айыпталғанын жеткізді.

«22 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Мәншүк Мұқашеваның  Дастан Қастайға жасаған қысымы ашық айтылды. Бүгіннен бастап университет ректоры Мұқашеваны қызметінен  шығару туралы бұйрық шығарды.  Жас оқытушыға жасалған қысым туралы университет басшылығы  дер кезінде хабардар болмағаны рас.  Академиялық адалдық пен әділеттілік  орнады деп үлкен сеніммен жұмысқа кірістік», - дейді кафедра меңгерушісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін журналист, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы Дастан Қастай жұмыстан негізсіз шығып қалғанын жазған еді. Бұл жайтты әлеуметтік желіге пост ретінде жазған ол университет мұндай қадамға не үшін барғанын нақты түсіндірмей отырғанын айтып, Президентке жүгінген.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →