×

«Басшылық мені ҚазҰУ-дан еш себепсіз шығарып жіберді»: Ашынған оқытушы президентке ашық хат жазды

Дастан Қастай мемлекет басшысы, министрлерге жазған хатында азаматтық құқығы тапталып, оқытушылық болмысына, кәсіби қызметіне нұқсан келіп жатқанын айтады

«Басшылық мені ҚазҰУ-дан еш себепсіз шығарып жіберді»: Ашынған оқытушы президентке ашық хат жазды
Коллаж Qaz365.kz

Журналист, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы Дастан Қастай жұмыстан негізсіз шығып қалған. Бұл жайтты әлеуметтік желіге пост ретінде жазған ол университет мұндай қадамға не үшін барғанын нақты түсіндірмей отырғанын айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz
 

«Мен Қастай Дастан Қуандықұлы академиялық әділдікті талап етемін! Оқытушылық жұмысымның алтыншы аптасы басталғанда ешбір «ойға қонымды» себепсіз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі жұмыстан шығарылдым. Университет тарапы неліктен мұндай қадамға барғанына қатысты түсінік беруден бас тартты», - деп жазады оқытушы.


Дастан Қастай мемлекет басшысы, министрлерге жазған хатында азаматтық құқығы тапталып, оқытушылық болмысына, кәсіби қызметіне нұқсан келіп жатқанын айтады. «ҚазҰУ басшылығына, әміршіл-әкімшіл жүйені шеберлікпен жүзе асыратын жандарға “Тәуелсіздік ұрпағының” ұстанымы, санасы ашық азаматтық оқытушылық амбициясы ұнамаса керек» дейді. Өзімен айқас жазушы-журналист «Кемел Тоқаев аудиториясы» ашылғаннан кейін басталғанын атап өтеді.

«Кемел Тоқаев» атындағы аудиторияның ашылуын түсіруге, университет басшылығының есептік-науқандық сыпатқа ғана мән беретінін танытуға келген журналист-әріптестеріме (бірқатар тәуелсіз баспасөз) жасалған қысас – мәселенің бергі жағы. Тәуелсіз БАҚ-тың «Тоқаев атындағы аудиторияға қатысты» ақпаратынан кейін журналистика факультетінің оқытушылары қатты қысымға ұшырады. Нақты дәлелі – жылдар бойы ұстаздарымның парасатымен жетіліп, шетелде білім алып, кейіннен профессорлардың шақыртуымен дәріс беруге барған жұмысымнан шығып қалуым (әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультеті оқытушылығынан)», - дейді ол.


Оқытушы жұмыстан негізсіз босатылуының бірнеше себебін сараптайды. ҚазҰУ басшылығы «асыра мадақтау, жағымпаздану сарыны» қазір қатты белең алып тұрғанын атап өтеді. Дамыған, өркениетті қоғамға тән сауатты сыни пікір айту, проблема көтеру университетте жоқтың қасы дейді. Оның сөзінше, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2022 жылы QS World University Rankings Results бойынша 150-ші орын алған.  2023 жылы 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасқан. 

Оқытушы сондай-ақ, университетті зейінді жас талапкерді академиялық тереңдікке, ғылым-білім, бәсеке заманында төтеп беруге дайындау емес, жандайшаптыққа баулу, “ләббайшыл” сананы күштеп сіңіру қатты дендеп алған деп есептейді. Шетелден ілім алып келген маман есебінде бұл үрдіске мүлдем сіңісіп кете алмадық дейді. Ту көтеріп, алақ-жұлақ түрлі науқаншылдыққа барудан саналы азамат есебінде бас тартқанын айтады.


«Ұлттық университеттің басшылығы менің ұстаздық құқығымды таптады. Сыртымнан қиянат жасап, орнықты дәлел-дәйексіз жұмыстан шығарғалы жатыр. Кеше ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Оқытушыларға қысым жасауды тоқтату керек” деген пікірін барлығымыз оқыдық. Сонымен қатар, журналистің кәсіби қызметін жүзеге асыруы, Сөз бостандығы Ата заңда нақты да айқын көрсетілген. Демек, ҚазҰУ басшылығы, журналистика факультеті деканы міндетін атқаруға «жоғарыдан тағайындалған» жан мемлекеттік саясатқа қарсы жұмыс жүргізіп отыр деген сөз. Интеллектуал ұлт, азаматтық қоғам, мемлекетшіл рух қалыптастырамыз десек, мұндай “олпы-солпы ұстанымға ие шенеуніктерді” қалай жазасыз қалдыруға болады?» - дейді Дастан Қастай.


Ұстазының жұмыстан шығып қалғанын естіген кейбір студенттердің айтуынша, жатақханада үлкен жиналыс болған. «Тоқаев аудиториясы» ашылғаннан кейін университет басшылығы тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына ешқандай да сұхбат бермеуді талап еткен. Дегенмен, студенттерінің басым бөлігі университет әкімшілігінің шешіміне келіспей, академиялық талап-шағымын жолдаған.

«Мипаздық дәурені өтті. Жаңа күн шығып келеді. Лепеске құрылған рабайсыз, ұнамсыз, кіршең жағымпаздыққа үндейтін, тізесін батыруға даяр тұратын «бандиттік» қатынасты – азаматтық қоғам шетке ысыра береді. Азаматтық қоғамға жаңа құндылық, жөнді жетекші қажет. Мені еш себепсіз жұмыстан шығарған және ар-намысыма нұқсан келтірген Университет басшылығының жазалануын және ҚазҰУ-дағы білім саясатының   өзгертілуін талап етемін!» - дейді Дастан Қастай.


Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын дәл осы университетте Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Кемел Тоқаев аудиториясы» ашылған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Кеше, 19:13

1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке
Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →