×

«Бәрі кестеге байланысты»: Балаева «Міржақып. Оян, Қазақ» фильмінің прокаттан неге алынғанын түсіндірді

Министрдің айтуынша, туындыны таяуда ұлттық арна өз платформасында жариялайды

«Бәрі кестеге байланысты»: Балаева «Міржақып. Оян, Қазақ» фильмінің прокаттан неге алынғанын түсіндірді
Фото ашық дереккөзден

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Міржақып. Оян, Қазақ» фильмінің кинотеатрларды ұзарту жөнінде ойын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. Министрдің айтуынша, туындыны таяуда ұлттық арна өз платформасында жариялайды.

«Біріншіден, бұл фильм мемлекеттің ақшасына түсірілгенін атап өтейік. Былтыр ол Qazaqstan ұлттық арнасынан көрсетілген. Қазір телеарна өз платформасында және ютуб-арнасында жариялайды. Прокатты ұзартты. Бірақ бәрі де прокат компанияларының кестесіне байланысты болады. Өйткені біз оларға үлкен тізіммен жүгініп отырмыз. Олар прокатқа біздің «Кино» орталығы биыл түсірген фильмдерді енгізсе дейміз. Сол себепті, меніңше, олар үшін бұл үлкен жұмыс болады», - деді Аида Балаева.

Еске сала кетейік, бүгін филльмнің прокаттан алынуы әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Кейін ұлттық арнаның өзі прокаттан туындыны қайтарып алғаны белгілі болды. Алайда көп өтпей прокатты тағы бір аптаға ұзартқанын хабарлады.
Телерадиокорпорация келісімшартқа сәйкес фильм 21 қыркүйектен бастап барлық қалалардағы үлкен экрандарда 15 күн бойы прокатта көрсетілген. Бұдан бұрын бір рет сұранысқа сәйкес көрсетілім 4 күнге ұзартылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →