×

«Саясиландырғым келмейді»: Балаева Галкиннің өтпей қалған концерті жайлы пікір білдірді

Министр отандық әншілердің концерті көбірек алаңдатанынын атап өтті

«Саясиландырғым келмейді»: Балаева Галкиннің өтпей қалған концерті жайлы пікір білдірді
Qaz365.kz коллажы

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астана мен Алматыда өтпей қалған Максим Галкиннің концерті жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Бұл мәселені саясиландырғым келмейді. Себебі концертті ұйымдастыру ісімен коммерция ұйымдары айналысады», - дейді Балаева ОКҚ алаңында.


Министр одан бұрын отандық әншілердің концерті көбірек алаңдатанынын атап өтеді. 


«Галкиннің концертіне келер болсақ, ол мәселенің саясатқа немесе басқа да сұрақтарға қатысы жоқ. Жай ғана шаруашышылқ тұрмыстық мәселеге байланысты өтпей қалған. Сол себепті мәдениет пен өнер саясаттан тыс болуы керек деп есептеймін. Кез келген жанрдағы өнер иесінің миссиясы – ең алдымен, халықты рухттандыру, мәдени тұрғыда ағарту. Меніңше, бұл жерде талқылайтын да ештеңе жоқ», - дейді Балаева.


Ал «соғысты қолдайтын әртістер Қазақстанға келуі керек пе?» деген сұраққа министр «әртістердің миссиясы басқа» деп жауап берді.


«Олар өз қызметінде саяси мәселелерге араласпауы керек, бұл менің жеке пікірім. Өнер мен мәдениетте шекара жоқ. Кім соғысты қолдайды немесе қолдамайды деген сұрақ қойылып отырған жоқ. Әртістердің өз рөлі мен миссиясын түсінуі және өнер мен саясатты шатастырмауы маңызды. Әртістер өз рөлін түсініп, миссиясын ұғып, қолдаймын немесе қолдамаймын деп бөлінбеуі тиіс», - дейді Аида Балаеава.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →