×

«Жетісу облысында мектеп мұғалімі оқушыны зорлаған»: Министр Бейсембаев не дейді

Қылмыс Сарқанд қаласындағы қонақүйлердің бірінде болған

«Жетісу облысында мектеп мұғалімі оқушыны зорлаған»: Министр Бейсембаев не дейді
Коллаж Qaz365.kz

Жетісу облысы Сарқанд ауданының полиция қызметкерлері Сарқанд қаласындағы мектептердің бірінде 14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен қаланың 35 жастағы тұрғынын ұстаған болатын. БАҚ-та ұсталған ер адамның математика мұғалімі екені турасында да ақпарат тараған. Осы істің мән-жайы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа қойылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұған дейін құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйенген БАҚ күдікті 10 жыл бойы Сарқанд қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істегенін және баланың әпкесінің күйеуі болғанын хабарлаған. Қылмыс Сарқанд қаласындағы қонақүйлердің бірінде болған. Шуға администратор жүгіріп келіп, бөлмелердің бірінен көмек сұрап айқайлағанын айтқан. Ол баланы босатып, полиция шақырған, бірақ қылмыскер қашып үлгерген.
Күдікті екі күн бойы тауда жасырынған. Тополевка ауылынан 10 шақырым жерде таулардың арасынан ұсталған

«Ұсталған ер адам 7 қазанда 14 жастағы жасөспірімге қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қашып кеткен күдіктіні соңғы екі күнде бірнеше ауданның полицейлері мен ІІД-нің жедел уәкілдері іздестірді», – делінген Жетісу облыстық полициясының хабарламасында.

Журналист Самал Қабышеваның жазуынша, 35 жастағы күдікті 10 жыл бойы Сарқан қаласындағы мектептердің бірінде математика пәнінен мұғалім болып жұмыс істеген. Зорланған өзінің туған балдызы әрі оқушысы көрінеді.
Мәжіліс кулуарында осы оқиға жөнінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа сұрақ қойылған. Алайда министр оқиғаны не растамады, не терістемеді. Тек тергеуге сілтеп тұрып алды.

«Жалпы кез келген ондай мәселе болса, азаматтар құзырлы органдарға жүгінетінін білесіз. Ішкі істер министрлігі кез келген зорлау фактісіне араласып, өзінің құқықтық бағасын беруі керек. Сондықтан, кез келген жағдай тергеу амалдарында шешіледі. Бірақ балаларға қатысты мәселелерді Оқу-ағарту министрлігіне қарасты бала құқықтарын қорғау комитеті бақылауда ұстайды. Себебі біздің еліміздегі балалардың құқықтары бұзылмауын қадағалап, жүйелі түрде бақылауда ұстайды», – дейді ол.

Оның айтуынша, биыл тамыз айының соңында Үкіметтің тапсырмасымен балалардың құқығын қорғауға қатысты кешенді жоспар қабылданған. Соның ішінде бұған дейін көтерілген мәселелердің шешімі қарастырылған.
Журналистер ата-аналар осы жағдайдан кейін баласын мектепке жіберуден қорқып, алаңдап отырғанын айтқан. Министр ретінде ата-аналарға айтарыңыз бар ма деп сұрады тілшілер министрден. 

«Жалпы мұндай мәселеде тергеу амалдары жүргізілетінін білесіз. Өйткені тергеу амалдарынан кейін тиісті құқық қорғау органдары өзінің шешімін айтуы тиіс. Жалпы Қазақстан бойынша мұндай келеңсіз жайттарға жол бермес мақсатында кешенді жоспар бар. Ол қыркүйектен бастап іске асырылып жатыр. Кешенді жоспар өз нәтижесін береді», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →