×

Жетісу облысында 14 жастағы балдызын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Күдікті Тополевка ауылынан 10 шақырым жерде таулардың арасынан ұсталған

Жетісу облысында 14 жастағы балдызын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Жетісу облысында  өзінің туған балдызын (14 жастағы ұл баланы) зорлады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол екі күн бойы тауда жасырынған. Күдікті Тополевка ауылынан 10 шақырым жерде таулардың арасынан ұсталған. Ер адам қазір аудандық полицияға жеткізілді.

«Ұсталған ер адам 7 қазанда 14 жастағы жасөспірімге қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қашып кеткен күдіктіні соңғы екі күнде бірнеше ауданның полицейлері мен ІІД-нің жедел уәкілдері іздестірді», – делінген Жетісу облыстық полициясының хабарламасында.

Журналист Самал Қабышеваның жазуынша, 35 жастағы күдікті 10 жыл бойы Сарқан қаласындағы мектептердің бірінде математика пәнінен мұғалім болып жұмыс істеген. Зорланған өзінің туған балдызы әрі оқушысы көрінеді.

Қылмыс Сарқан қаласындағы қонақүйлердің бірінде болған. Бөлмелердің бірінен көмек сұраған шудың дауысы естілгендіктен, әкімші келген. Ол баланы босатып, полиция шақырғанымен, қылмыскер қашып үлгерген.

Іздестіру жұмыстарына полицейлер арнайы техника пайдаланған.

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-1-бөлігі («Кәмелетке толмаған адамға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау») бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →