×

Ресейдің қатысуымен Қазақстанда үш ЖЭО салынады

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты

Ресейдің қатысуымен Қазақстанда үш ЖЭО салынады
inform.kz

Ресей тарапының қатысуымен Қазақстанда 3 жылу электр орталығы салынады. Бұл туралы Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Екіжақты қарым-қатынасты одан ары дамыту бағыттарын талқылау мақсатында осы жылдың 31 қазанында үкіметаралық комиссия отырысын өткіздік. Бірқатар мәселе қарастырылды. Мәселен, Ресейден ағаш материалдарын жеткізу. Жылдың соңына дейін елімізге кесілген ағаштарды жеткізу үшін Қазақстан-Ресей шекарасында қосымша теміржол өткізу пункттерін ашу мәселесі пысықталады», – деді ол.

Сонымен қатар, вице-премьер Қазақстанның темір кені шикізатының ай сайын тасымалдануын қамтамасыз ету мүмкіндігі де қарастырылатындығын айтты.

«Ресей тарапы Қазақстанда 3 жыл электр орталығы жобасын жүзеге асыруға қатысады. Тиісті құжатқа бүгін қол қоямыз. Елдер арасындағы әуе байланысын да кеңейтеміз. Атап айтқанда, Новосібір мен Челябіге QAZAQ AIR әуе рейстерінің санын арттыруды келісеміз», – деді Серік Жұманғарин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →