×

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандарды қорлау әрекеті түсірілген видеоға пікір білдірді

Түрмеде сотталғандарды еден жуып жарысуға мәжбүрлеген

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандарды қорлау әрекеті түсірілген видеоға пікір білдірді
видеодан кадр

Қарағанды ​​облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті колонияда тұтқындарды еден жууға мәжбүрлеп, қорлау әрекеті түсірілген бейнежазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бейнежазба авторлары облыстағы колонияның бірінде сотталғандарды жәбірлеп жатқанын айтқан. Видеода сотталғандардың тек іш киім мен резеңке аяқ киім киіп, еденнен шүберекпен суды қалай жинап жатқаны көрсетілген болатын. Видео сипаттамасында бұл кадр Қарағанды ​​облысы Долинка ауылындағы №31-мекемеде түсірілгені жазылған.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметі резонанс тудырған видеоның ескі екенін мәлімдеді.

"Бұл факт бұрын болған. Қызметтік тергеу жүргізілді, қызметкерлер жауапқа тартылды. Шындыққа сай емес ақпараттың таралуына жол бермеу үшін құқық қорғау ұйымдарының өкілдері мекемеге барды. Сонымен қатар, ҚАЖД басшылығы сотталғандардың туыстарымен кездесу өткізді", – деді Қарағанды облысы және Ұлытау облысы ҚАЖД бастығы Бекболат Шәкіров.

Ведомство мәліметінше, бүгінде колониядағы жағдай тұрақты және қылмыстық атқару жүйесі басшылығының бақылауында.

Еске салайық, желіде түрмеде сотталғандарды еден жуып жарысуға мәжбүрлеп, қорлаған видео тараған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →