×

Өртке оранған хостелде тұратын студенттердің қайда оқитыны белгілі болды

Жалпы хостелдегі өрт салдарынан 13 адам қаза тапты

Өртке оранған хостелде тұратын студенттердің қайда оқитыны белгілі болды
Фото: Qaz365.kz

Алматыдағы хостелде шыққан өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың Алматыға қай аймақтардан келгені белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы брифингте Алматы қалалық Ішкі істер департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Айбат Мұрзамадиев айтты.

Оның айтуынша, қаза тапқан қазақстандықтар Шымкент, Түркістан облысы, Ақтау, Маңғыстау облысы, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы, Қызылорда және Жетісу облыстарынан келгендер. 
Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметі бойынша жатақханада 72 адамның 12-сі Алматының келесі жоғары оқу орындарының студенті болған екен. Атап айтсақ:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ;
Спорт және туризм академиясы;
Энергетика және коммуникациялар университеті;
Каспий университеті;
Құрманғазы атындағы консерватория.

Жалпы хостелдегі өрт салдарынан 13 адам қаза тапты. Оның 9-ы қазақстандық, 2-і Өзбекстан азаматы және 2-і Ресей азаматы.
Өрт фактісі бойынша Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →