×

"Зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсымыз": министрлер ресейлік "Слово пацана" сериалына қатысты пікір білдірді

Сериал осы жылы жарық көрген

"Зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсымыз": министрлер ресейлік "Слово пацана" сериалына қатысты пікір білдірді
коллаж: Qaz365.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ресейлік «Слово пацана» сериалына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз бұл мәселені зерттеп жатырмыз, уақытынан бұрын қорытынды жасағымыз келмейді. Оған Оқу-ағарту министрлігіндегі әріптестеріміз де қосылды, бірақ әзірге біз үлкен толқуды көрген жоқпыз. Мен сериалды көрмедім», – деді Саясат Нұрбек.

Оқу-ағарту министрі де фильмді көрмегенін айтты.

«Оқу-ағарту министрлігі және жеке өзім зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсымыз. Сондықтан, әрине, нөлдік төзімділік принципі болуы керек. Өздеріңіз білесіздер, тіпті сериалды шығарушы ел де бұл мәселені қайта қарастырған. Әрине, мектепте зорлық-зомбылық болмауы керек, мұндай туындылар елімізде көрсетілмеуі керек. Бұл сарапшылардың зерттеуі мен пікірін қажет етеді. Мен өзім сериалды көрген жоқпын», – деп қосты ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →