×

Назарбаев Университеті айрықша мәртебесінен айырыла ма

Саясат Нұрбек жауап берді

Назарбаев Университеті айрықша мәртебесінен айырыла ма
Фото: NU Image

Назарбаев Университетінде білім алу құнына қатысты бұрмалаушылық көбейіп тұр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Назарбаев Университетінің мәртебесі «Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері және қоры мәртебесі туралы» жеке заңда нақты айқындалған. Сондықтан бірден айтайын, бұл заңды жоя алмаймыз немесе қандай да бір өзгерту енгізе алмаймыз, енгізбейміз де. Біздің мақсатымыз – осы университеттің жалпы әлеуетін сақтау. Бұл –  толыққанды зерттеу университеттерінің бірі. Қазір университет төңірегінде оқу құнына қатысты өте көп спекуляция жүріп жатыр. Іс жүзінде оның шындыққа сай еместігіне сендіргім келеді», – деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Дегенмен, оның айтуынша, университеттің жоғары қамқоршылық кеңесі жасақталды. Оны Премьер-министр басқарады.

«Университеттің қаржылық құрамдасын сауықтыру, сонымен қатар оның зерттеу әлеуетін күшейту бойынша нақты шаралар қабылданбады. Өйткені тамаша базасы, инфрақұрылымы, зертханалары бар. Енді оны толыққанды пайдалану қажет. Сондықтан қандай да бір түзету іс-әрекеттері болады. Бірақ университеттің жалпы мәртебесі мен бағытын өзгертейік деп отырғанымыз жоқ», – деді Саясат Нұрбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →