×

Павлодар облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалған: мұғалімдер жазадан босатылды

Осыған дейін мектеп директоры, орынбасары мен сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын нашар жүргізгені үшін қатаң сөгіс берілген болатын

Павлодар облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалған: мұғалімдер жазадан босатылды
dela.ru

Павлодар облысында сегізінші сынып оқушысы жүкті болып қалып, мұғалімдер жазаланған болатын. Алайда мәселені бақылауға алған министрліктің өкілдері педагогтерге қолданылған жазаны алып тастағандарын жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі informburo-ға сілтеме жасап.

Павлодар облысында сегізінші сынып оқушысы жүкті болып қалған. Кәмелетке толмаған қыздың аяғы ауыр екенін ұстаздар байқап, құзырлы органдарға хабар берген.

Ал 14 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деген күдікпен өгей әкесі қамауға алынды. Жаға ұстатар оқиға ауылдағы мектептердің бірінде анықталған. Қараша айында мектепке келген оқушының іші шығып қалғанын сынып жетекшісі көріп, анасын шақырған. Артынша бірден ауруханаға барып тексеріліпті. Дәрігерлер қыздың жүктілігін растап, шақалаққа 25 апта болғанын айтқан. Жасөспірім өгей әкесінен жүкті болдым деген екен.

Қазір полиция осы жайтқа қатысты іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Осыған дейін мектеп директоры, орынбасары мен сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын нашар жүргізгені үшін қатаң сөгіс берілген болатын. Алайда мәселені бақылауға алған министрліктің өкілдері педагогтерге қолданылған жазаны алып тастағандарын жеткізді.

“Күдікті өгей әкесі қамауға алынды. Зардап шегуші үйде қашықтықтан оқуда, оған педагог-психолог пен мектеп тарапынан көмек көрсетіледі. Білім беру ұйымының қызметкерлеріне заңсыз қолданылған тәртіптік жазалар алынып тасталды. Комитет аталған мәселені бақылауда ұстап отыр”, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Альбина Залмұқанова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →