×

Аймағамбетов трансвеститтер клубына барған мұғалімдерге араша түсті

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі мұғалімдердің өз құқығы бар екенін айтты

Аймағамбетов трансвеститтер клубына барған мұғалімдерге араша түсті
Фото: ашық дереккөздерден

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Түркиядағы трансвеститтер клубына барған мұғалімдерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Екі мұғалім ақысыз демалыс алып, трансвеститтер клубында көңіл көтерген еді. Мұғалімдердің бұл әрекетін ата-аналар әлеуметтік желілер арқылы көріп, ұстаздардың мектептен кетуін талап еткен. Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің бұл «демалысы» мектеп басшылығына ұнамай, жиналыс өткізген. Осыдан кейін екі педагог та өз еріктерімен жұмыстан кетті.

Аймағамбетов мұғалімдер де өз құқығы бар қарапайым азаматтар екенін, сондықтан алдымен жағдайды түсінген жөн екенін еске салды.

«Мұғалімдер де – бәріміз сияқты азамат. Олардың құқығын шектеуге болмайды. Сондықтан бұл жерде біз мұғалімдерге қойылатын талаптарды нақты ажыратуымыз керек екенін білесіздер. Әрине, жоғары талаптар өз алдына. Бірақ біз олар қарапайым азаматтар екенін түсінуіміз керек», – деді Аймағамбетов.

Экс-министрдің сөзінше, бұл жағдайда істі нақты түсініп, олардың бұл істе қандай кінәсі бар екенін анықтау керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған
Бүгін, 11:04

Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған

686 млн жымқырған Іле аудандық білім бөлімінің басшысы және 7 есепшісінің былығы
Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →