×

Алматыдағы университетте пәк қыздардың тізімі тарап кетті – министр пікір білдірді

Құжаттар әлеуметтік желідегі кейбір топтарға тарап кеткен

Алматыдағы университетте пәк қыздардың тізімі тарап кетті – министр пікір білдірді
Фото: freepik.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студенттердің жеке мәліметтерінің таралып кетуі оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство басшысы жеке деректерді, әсіресе медициналық сипаттағы деректерді беру заң бұзушылық екенін атап өтті.

«Бұл мәселе бақылауға алынды. Өйткені құқық бұзушылық айқын көрініп тұр. Айыптылар заңнамаға сәйкес жазаланады. Дербес деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл жерде әкімшілік құқық бұзушылық болатын шығар», – дейді министр.

Оның айтуынша, бұл жеке деректерге немқұрайлы қарағандықтан болып отыр.

«Бұл мәселені заң жүзінде қатаң реттеу керек. Жалпы бұл – мәдениет мәселесі. Біз қаншама жеке куәлікті таратып жүрміз. Жоғарғы оқу орнында осындай жағдай болғаны, әрине, көңіл көншітпейді. Жеке дерек өте құпия ақпарат екені туралы заң жүзінде қатаң бақылау болмаса, мәдениет өзгермейді», – дейді Саясат Нұрбек.

Ал ҚазҰУ-да студент қыздардың жеке деректері бар тізімді кім жария еткенін хабарлады. Университетте алдын ала ішкі тексеріс жүргізіледі.

«6 ақпанда университетке шарт негізінде медициналық қызмет көрсететін Smart Health University City ЖШС медбикесі Whatsapp мессенджері арқылы флюорографиялық зерттеуден өтуін қамтамасыз ету үшін Механика-математика факультетінің 3-4 курс студенттері тізімі бар Excell форматындағы құжаттарды осы факультет деканатының маманы Ж.Смағұловаға жіберген», – деп хабарлады ЖОО департаменті.

Алайда тапсырылған құжаттарда студенттердің тегі мен аты-жөнінен бөлек дәрігерлік құпияға қатысты мәліметтер де болған.

«Кейіннен мессенджерлік хабарламалар арқылы университетте оқитын студент қыздарға қатысты жеке деректер мен медициналық құпия бар ақпарат тарап кеткен. Осы факт бойынша 14 ақпанда университет қызметтік тексеруді тағайындап, Алматы прокуратурасына аталған факт бойынша прокурорлық шара қолдану және студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету туралы өтінішпен жүгінді», – деп хабарлады университет.

Қазір ҚазҰУ-да Smart Health University City ЖШС-мен келісімшартты бұзу мәселесі қарастырылып жатқаны хабарланды.

Айта кетейік, бұған дейін 190 адамнан тұратын старосталардың WhatsApp тобында ҚазҰУ-дағы бірқатар студенттің тізімі бар құжат тараған. Онда қыздардың толық аты-жөнінен басқа, олардың ЖСН-і, ұялы телефон нөмірі мен медициналық деректері бар. Сондай-ақ олардың қайсысы «қыз» қайсысы «қыз емес» екені туралы ақпарат та болған. Құжаттар әлеуметтік желідегі кейбір топтарға тарап кеткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады
Бүгін, 16:25

Отандық дрондар мен роботтар: Farabi Hub қандай инновациялық жобаларды жүзеге асырады

ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →