×

Түркістандағы балабақшада бүлдіршін «соққы алған»: тәрбиеші жұмыстан босатылды

Видеодағы әрекеттер желі қолданушыларының наразылығын тудырды

Түркістандағы балабақшада бүлдіршін «соққы алған»: тәрбиеші жұмыстан босатылды
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған оқиғаның видеосы тарады. Онда кішкентай бүлдіршіннің балабақшада ересек адамнан соққы алғаны айтылады. Баланың ата-анасы құзырлы органдарға шағымданған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеодан ересек әйел балаға дөрекілік танытып жатқаны көрінеді. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Оқиға 21 ақпанда Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшада болғаны анықталды. Бір жарым жастағы баласының бетіндегі қызарған дақтарды байқаған анасы балабақшадағы бейнебақылау камерасын қарап шыққан.

Түркістан облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тәрбиеші балаға қол көтермеген, тек жұлқылаған.

«Баланың бетінде қызарған белгіні байқаған ата-ана балабақшаның бейнебақылау камерасын қарап, баланы соқпағаны, алайда жұлқылағаны белгілі болды. Ата-ана бұл бойынша құзырлы органдарға шағымданды. Тәрбиеші өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда жүлдегерлер мен мұғалімдерге сыйақы төленетін халықаралық олимпиадалардың тізімі ұлғайтылды
Кеше, 16:16

Қазақстанда жүлдегерлер мен мұғалімдерге сыйақы төленетін халықаралық олимпиадалардың тізімі ұлғайтылды

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ педагогтер мемлекеттік бюджет қаражатынан біржолғы сыйақы алатын болады.
Академияда грант атаққа емес, нақты нәтиже мен тәртіпке қарай берілетінін айтылды
Қазіргі таңда Қазақстанның орта білім беру жүйесінде барлығы 8 848 мектеп бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →