×

Мұғалімдерге жалған сертификат сатылғанын айтқаным үшін директор қудалап жатыр – Ақтауда ұстаз Бас прокурорға жүгінді

Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалған

Мұғалімдерге жалған сертификат сатылғанын айтқаным үшін директор қудалап жатыр – Ақтауда ұстаз Бас прокурорға жүгінді
Фото: ашық дереккөзден

Ақтау қаласындағы мектеп директорының орынбасары Жаңагүл Сәрсенғалиева Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен Оқу-ағарту министріне ашық үндеу жолдап, директордан қысым көріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңагүл Сәрсенғалиева өзі жариялаған видеоүндеуде 23 жылдық еңбек өтілі бар ұлағатты ұстаз, көпбалалы ана екенін, Ақтаудағы Нұртас Оңдасұлы атындағы №5 мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейтінін айтады.

«Біздің мектептің әлеуметтік жағдайды еш сын көтермейді. Шындық айтқан адам қудаланады. Мектептегі бар шындықты айтқандықтан, қазір мені директоры Алмажай Жұмағалиқызы қудалауда! Себебі мектеп мұғалімдеріне заңсыз біліктілік курсынан өткені туралы артқы күнмен оқылмаған сертификаттар сатылды. Сертификат сатқан – осы мектептің әлеуметтік педагогы», - дейді ол.

Мұғалімнің айтуынша, осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеріліп жатыр.

«Сол сертификаттарың жалған деп айтқаным үшін 30-дан астам сертификат алған мұғалімді маған қарсы қол жинатып, қудалап жатыр. Меткептегі мұғалімдер қол қойғандар мен қол қоймағандар болып екіге бөлінді. Мектеп басшысы осы жағдайды біле тұра ешқандай алдын алу жұмысын жасамай, керісінше «қол қойыңдар» деп үгіттеді. Осы жағдайды баяндай келе мектепте жұмыс істеу мүмкін емес екенін айта келе менің Конституциялық құқығым бұзылып, қазір директордан қыспақ көріп отырмын. Өз құқымды ешкімге таптаттырмаймын! Мектеп басшысына шара қолдануды талап етемін», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
22.11.2024ж. 15:37

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды

Орталық «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр
ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 
13 қараша күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында облыстық балалар құрылтайы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →