×

Түркістан облысында «Пара алмайтын директор» жайлы мақала жарияланды

Газет тілшісіне осы мектептің мұғалімі хабарлаған

Түркістан облысында «Пара алмайтын директор» жайлы мақала жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы, Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты Әл-Фараби атындағы орта мектепке жақында директор болып тағайындалған Әнетбек Әлімқұл бір тиын пара алмай 11 кіші қызметкер мен 2 күзетші жұмысқа қабылдапты. Бұл туралы «Өзге пікір» газетінде мақала жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Газет тілшісіне осы мектептің мұғалімі Жәмилә Құлманова хабарлаған.

«Бұл мектептің экс-директоры Гүлмира Каримова мен орынбасары өткен жылдың қазан айында мектептегі былықты маған айтқаны үшін мектептің 2 мұғалімі мен 2 еден жуушысына қоса мені де сотқа беріп, 2 айдан аса сандалтқан болатын..Абырой болғанда, процессте мені қорғаған адвокат  Халима Орынбай мен еліміздің бір топ белсенді педагогтары мен өз кәсібіне адал журналистерінің арқасында сотқа шағымданушылар өз шағымдарынан бас тартып, іс тоқтатылды. Кейіннен Гүлмира Каримова директорлық қызметінен кетті деп естіп едік.
Орнына келген жаңа директордың әзірге аяқ алысы жаман емес секілді.Бұл Түркістан Облысының Білім Басқармасы на қарасты білім ошақтары үшін үлкен жаңалық болса керек», - дейді шымкенттік ұстаз Өмір Шыныбекұлы.

Бұған дейін ардагер ұстаз, қоғам белсендісі Өмір Шыныбекұлы  Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің бұрынғы директоры үстінен арыз жазып, қылмыстық іс қозғалтқанын бізге хабарлағаны бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →