Елімізде жол мамандары енді бөлек оқытылады
Жолшы мамандығы "Сәулет және құрылыстан" бөлек шығады. Бұрын бірге оқыталатын еді. Көлік министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі осындай ұйғарымға келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұндай реформаға Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы да атсалысуда. Мекеме әр жылда аталған мамандықты оқытатын оқу орындарын аралап, студенттерді жолшы болуға үндейді.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Алматы филиалы қаладағы жол құрылысшсыны, жол инженерлерін, жобалаушыларды, жол зертханасы мамандарын дайындайтын оқу орындарына барып арнайы дәріс оқуды, студенттерге мамандықтың қыр-сырын танытуды, ашық есік күндерін өткізуді әдетке айналдырған. Бұл жолы мекеме қызметкерлері Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы Көлік және логистика университетіне арнайы барып, студенттермен кездесті. Университет болашақта Автомобиль жолдарында еңбек ететін құрылыс инженерлерін даярлайды. Бұл оқу орны нағыз жолшы мамандар шығатын аз ғана білім ошақтарының бірі дейді кафедра меңгерушісі Қалижан Құлманов.
«Жол саласында мамандардың жетпей жатқаны белгілі. Біз өндіріспен тығыз байланыс жасап жатырмыз. Министрліктен бастап жол саласына, жолдың салынуы, құрылысы, пайдалануы саласына біздің кафедра, Құрылыс инженериясы кафедрасы мамандар даярлайды. Аталған мамандықта білім алып жатқан 2 курс студенттеріне Жол активтері сапасының ұлттық орталығы атты үлкен мекеме келіп, кездесу өткізуде. Біздің кафедрада 4 топ бар. Осы кездесуге 107 студентті қамтыдық. Осы студенттерді болашақта жол саласында нәтижелі еңбек ететін білікті маман етіп дайындауды мақсат етіп отырмыз», – дейді кафедра меңгерушісі Қалижан Серікұлы.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 157 мың шақырымға жуықавтомобиль жолы бар. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 32 орындамыз. Ал елімізде мекендейтін 20 миллион халықтыңменшігінде 4,5 миллион көлік тіркелген.
Осынау көп көлік үшін жол саласын дамытып, қызмет көрсететін, тиімдібасқаратын мамандарды даярлау ісі көңіл қуантпайды. Қазірел бойынша 8 жоғары оқу орны ғана жол мамандарындайындайды. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы филиалының директоры Мәулен Тоқтарбайұлының айтуынша, жастар бұл салаға қызықпайды.
«Әуелі, жастардың қызығушылығын ояту қажет. Ғылым және жоғары білім министрлігі сұранысқа сай қажетті мөлшерде оқу гранттарын беруге әзір. Алайда оқу орындары соны игере алмай отыр. Мектеп бітіретін жастар жолшы мамандығына аса қызықпайды. Сол себепті жұмысқа орналасу мүмкіндігі төмен мамандықтырды таңдайды. Оның шешімі жалғыз – жастарға жолшы, жол құрылысшысы, жол инженері, жобалаушы сияқты мамандықтардың бар екенін, болашағы зор екенін, еңбекақысы да мол екенін айтып, насихатты жиілету керек. Біз де өз тарапымыздан Алматы қаласының мектептерін, жоғарғы оқу орындарын аралап, білім алушы жастармен кездесіп, кәсіптік бағдар береміз» - дейді мекеме басшысы.
Кәсіптік бағдар аясында кездесуге қатысқан студенттер мекеменің жылжымалы жол зертханасымен жақыннан танысты. Жұмыс істеу принциптерін, арнайы бағдарламаларын көріп, ерекшеліктеріне қанық болды. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы филиалының бөлім басшысы Айдар Бейспеков университет шәкірттеріне жолшы мамандығының артықшылықтарын, қоғамдағы маңызын айтып берді. Бүгінде елде жолинженері, смета инженері, зертханашы, асфальт төсеуоператоры, механизатор, арнайы техника машинисі сияқтымамандар тапшы екен. Елдегі бүкіл әкімдіктердің штат санын қосқанда көлік инфрақұрылымын дамытып, күтіпұстайтын бар болғаны1 500-ден астам маман жұмыс істепжүр. Ең қызығы, осы адамдардың бәрінде жол саласыбойынша диплом жоқ.